Оқу-ағарту министрлігі Жұмысшы мамандықтары жылы аясында «Мамандыққа жол» айдарын түрлі салада білім алып жүрген белсенді жастарды таныту, олардың өздерінің болашақ мамандықтарына деген сүйіспеншілігі мен ынта-ықыласын арттыру мақсатында қолға алды.«Мамандыққа жол» айдарының кезекті кейіпкері Павлодар технологиялық колледжінің – «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының 2-курс студенті Асылжан Мейрам.
Оның ұннан жасалған кондитер өнімдерін пісіру саласында төрт жылдан астам тәжірибесі бар. Мейрамның бала кезіндегі қызығушылығы болашақта кондитерлік іске бет бұруына себеп болған.
Талантты студент өз шеберлігін ірі байқауларда дәлелдеп келеді. Ол – YoProject және «Үздік маман» жобаларының, наубайхана шеберлігі бойынша WorldSkills аймақтық чемпионатының жеңімпазы.