Белгілі әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарына алғыс білдірді, деп хабарлайды Jastar janary.
«Бір үйдің жалғыз королева, ханшайымы, ледиі болуды маңдайыма жазыпты.
Мені қолдайтын, қорғайтын, еркелететін Жанұям аман болсын.
Толассыз хаттар мен ақ ниетін білдірген қазақ еліне алғысым шексіз. Осындай бақыт сіздерге де жұғысты болсын.
Суретте Райымбегім, Батырым. Аллаға сансыз шүкір!» – деп жазды Ерке Есмахан.
Жақында Ерке Есмаханның Батыр есімді үшінші ұлы дүниеге келді.