Басты бет » Жаңалықтар » Аймақтарда есірткі жарнамаларымен күрес жұмысы күшейтілуде

Аймақтарда есірткі жарнамаларымен күрес жұмысы күшейтілуде

«AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» жастар қанатының бастамасымен 400-ден астам есірткіге қатысты граффити жойылды.
Есірткінің алдын алу және ақпараттық түсіндіру жұмыстары еліміздегі 3 қала мен 17 облысты толық қамтыды.
Акцияға жергілікті полиция департаменттері, прокуратура өкілдері, мәслихат депутаттары және 500-ге жуық белсенді жас атсалысты. Сонымен қатар, ақпараттық-танымдық жадынамалар таратылды.«Есірткіге жол жоқ» акциясы Мемлекет басшысының «Заң мен тәртіп» қағидаты негізінде жүзеге асып, жастарды салауатты өмір салтына үндеуге және құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған.