Мемлекет басшысы адамның бет-әлпетін тануға кедергі келтіретін киім түрлерін қоғамдық орындарда киюге шектеу қоятын заңға қол қойды.
Алайда, бұл тыйым барлық жағдайларға бірдей қолданылмайды. Заңда бірқатар ерекшеліктер қарастырылған. Атап айтқанда, медициналық қажеттілікке байланысты, ауа райы қолайсыз кезде, төтенше жағдайлар туындағанда, сондай-ақ, спорттық не мәдени іс-шараларға қатысқанда бет-жүзді жабуға рұқсат беріледі.
Айта кетейік, мұндай заңды алғаш енгізіп отырған ел Қазақстан емес. 2025 жылдың қаңтарында Қырғызстан да адамның жүзін көруге кедергі келтіретін киімдерді киюге тыйым салған. Ал Тәжікстан 2024 жылы маусым айында ұлттық мәдениетке сай келмейтін киімдерді кию мен сатуға шектеу енгізді.