Студенттер Катарға жолдама алды
Бүгін «Түркі Тарланы мен Бегім Сұлуы» байқауы қорытындыланды. Көптің жүрегін жаулап, жеңіске жеткен екі студент Катар мемлекетіне жолдама ұтып алды.
Экономика, басқару және құқық факультетінің 19 жасар студенті Жұпарбек Нұрай мен Теология факультетінің 20 жастағы студенті Сәрсенбай Сәттіғұл талайдың ішінен озып шығып, өз армандарына жетті.
Жеңімпаздың көз жасы— ұзақ еңбектің ақталған сәті.
Дегенмен «Бегім Сұлу» үшін жолдамадан да бағалы сый бар сияқты. Құттықтаушылар арасында құшағын гүлге толтырып келген жас сері назарға ерекше ілінді.
Айтулы күнде аруын назардан тыс қалдырмаған серінің гүл шоқтары талайды таңдай қақтырды.