21-25 мамыр аралығында өтетін фестиваль барысында алматылық көрермендерге отандық және Грузия, Түркия, Өзбекстан, Әзербайжан елдерінен келген қуыршақ театрларының балалар мен ересектер аудиториясына арналған үздік қойылымдары ұсынылады, деп хабарлайды Jastar janary.
Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, іс-шара аясында шеберлік сыныптары, жетекші актерлер мен режиссерлердің қатысуымен дөңгелек үстел өтеді.
Фестиваль аясында келесі іс-шаралар өтеді:
• 21 мамыр, 14:30 – Қазылар алқасы мен ұйымдастыру комитеті мүшелерінің қатысуымен баспасөз конференциясы;
• 21 мамыр, 15:30 – Салтанатты ашылу салтанаты;
• 21–25 мамыр – Конкурстық және конкурстан тыс қойылымдардың көрсетілімдері;
25 мамыр, 16:00 – Салтанатты жабылу рәсімі.
Конкурстық қойылымдарды Қазақстан, Молдова, Тәжікстан және Түркияның жетекші театр қайраткерлерінен құралған халықаралық қазылар алқасы бағалайды.