Жастарға арналған ипотекалық бағдарлама еліміздің 17 өңірінде іске қосылған. Ипотеканың бастапқы жарнасы 10-20% аралығында, ал жылдық мөлшерлеме өңірге байланысты 5-9% құрайды.
«Отбасы банк» филиалдарына өтініш бергендердің 81 пайызы бағдарламаға қатысуға ниетті.
Қазіргі таңда 647 адамға несие берілген, 321 жас баспана іздеу үстінде. Қалған қатысушылардың төлем қабілеттілігі тексеріліп жатыр.