Басты бет » Топжарған (страница 7)

Топжарған

Елордалық оқушы әлемдік олимпиадада алтын медаль жеңіп алды

Елордалық оқушы Кәрім Дүйсеков дүниежүзілік олимпиаданың ең кішкентай қатысушысы болып, Natural Science санатында өзгелерінен үздік атанды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты. Жарысқа әлемнің түкпір-түкпірінен 4-8 сынып оқушылары қатысты. Олар өздерінің білімдері мен дағдыларын көрсете отырып, ғылыми тапсырмаларды шешуде жарысты. Қазақстаннан барған талантты оқушы Кәрім Дүйсеков үздік нәтиже көрсетіп, бірінші орынды иеленді. Бұл жеңіс Қазақстан үшін маңызды жетістік. Сонымен ...

Толығырақ »

ҚЫСҚЫ УНИВЕРСИАДА: ҚАЗАҚСТАН АТЫНАН КІМДЕР ҚАТЫСАДЫ?

ХХХІІ Дүниежүзілік қысқы универсиадада ел намысын қорғайтын қазақстандық студенттердің есімдері белгілі болды. Жарыс 13-23 қаңтар аралығында Туринде (Италия) өтеді.   Фото: baq.kz Команда құрамында 10 спорт түрі, соның ішінде биатлон, шорт-трек, шаңғы жарысы, мәнерлеп сырғанау, спорттық бағдарлау, фристайл, тау шаңғы спорты, ерлер мен әйелдер хоккейі және алғаш рет жарыс бағдарламасына енгізілген пара шаңғы бойынша еліміздің атынан өнер көрсететін 103 спортшы ...

Толығырақ »

ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ ЕЛДОС СМЕТОВ ОРАЛҒА БАРДЫ

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Олимпиада чемпионы Елдос Сметовпен кездесті. Кездесу барысында Олимпиада чемпионы өңірдегі спорт саласындағы жетістіктермен таныс болды. Облыс әкімі өз кезегінде Елдос Сметовке сәттілік тіледі. «Олимпиада ойындарында өзіңе барша қазақ елі жанкүйер болды. Әсіресе, жастарымыздың үлгі тұтар спортшысына айналдың. Әрдайым сәттілік серік болсын!» – деп атап өтті Нариман Төреғалиев. Сондай-ақ Елдос Сметов Батыс Қазақстан облысындағы отбасы ...

Толығырақ »

Жеңіс тұғырында: қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиада, конкурстарда 563 медаль жеңіп алды

Биылғы жылдың қорытындысы бойынша 1 816 оқушы 35 халықаралық олимпиада мен конкурстарға қатысып, 563 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 77 медаль – алтын, 201 медаль – күміс, 285 медаль – қола, деп хабарлайды Jastar janary порталы . Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қазақстандық оқушылар Сингапур, Қытай, Грекия және АҚШ-та өткен робототехника бойынша халықаралық чемпионаттарда жоғары нәтижелерге қол жеткізді, Балқан түбегінің ...

Толығырақ »

Астанада шаңғы маусымы ашылды

Астанадағы Орталық саябақта шаңғы тебу маусымы ресми түрде ашылды. Осыған орай шаңғыдан жарыс өтті.  Елорда әкімдігінің хабарлауынша, шаңғы жарысы бірнеше жас ерекшелігі бойынша 500 метр және 2,5 км қашықтықта өтті. «Биылғы қыс шаңғы жарысын өткізуге өте ыңғайлы. Шаңғы маусымының ашылуын осы уақытқа жоспарлаған себебіміз – ауа райына байланысты. Тағы да айтарымыз, қардың қалыңдығы шаңғы жолын жоғары деңгейде жасауға мүмкіндік беріп ...

Толығырақ »

Ауыр атлетикадан әлем чемпионаты аяқталды: Қазақстан үздік үштікте

Фото: Public Domain Бахрейннің Манама қаласында өткен ауыр атлетикадан ерлер және әйелдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы үздік үштікке енді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Қазақстандық спортшылар 2 алтын, 1 күміс медаль иеленді. 96 келі салмақта Нұрғиса Әділетұлы әлем чемпион атанды. 102 келі салмақта Артем Антропов «алтын» алды. 81 келі салмақта Алексей Чуркин күміс жүлдегер атанды. Ауыр атлетикадан әлем чемпионатындағы үздік үштік: ...

Толығырақ »

ICPC World Finals 2025 байқауында Astana IT University командасы қатысады

14-15 желтоқсан күндері Astana IT University қабырғасында ICPC халықаралық студенттік спорттық бағдарламалау олимпиадасының жартылай финалы өтті, деп хабарлайды Jastar janary. Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, сайысқа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан елдерінен келген 270 студент қатысты. Турнир Астана, Санкт-Петербург, Новосибирск және Тбилиси қалаларында бір уақытта өтіп, Солтүстік Еуразия аймағының ең үздік командаларын жинады. Біртұтас рейтингтік жүйенің арқасында студенттер ...

Толығырақ »

АБЫЛАЙХАН – АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ!

Күні кеше Тайланд елінде өткен Азия чемпионатында күміс жүлде алған қазақ боксшысы Абылайхан Жүсіповне қатысты жаңа ақпарат шықты, деп хабарлайды Jastar janary. Спорт журналисі Аслан Қаженовтың Фейсбук парақшасында жазған мәліметінше, Қазақстан бокс федерациясы 11 желтоқсан күні Чианг Мэйде (Таиланд) өткен Азия чемпионатының ерлер арасында 71 келі салмақ дәрежесіндегі финал бойынша IBA және ASBC ұйымдарына наразылық хат жолдады. Ресми хабарламада Абылайхан ...

Толығырақ »

Жанкүйерлер бокстан Азия чемпионатының жүлдегерлерін әуежайдан қарсы алды

Елордалықтар Астана халықаралық әуежайында бокстан Азия чемпионы Айбек Оралбай мен күміс жүлдегер Санжар Тәшкенбайды салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. Бокстан 29 қараша-11 желтоқсан аралығында Таиланд Корольдігінің Чиангмай қаласында өткен Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар 9 алтын, 5 күміс, 6 қола жеңіп алды. Олардың арасында елордалық Айбек Оралбай мен Санжар Тәшкенбай да бар. «Көктемде Олимпиадаға дайындық мақсатында ...

Толығырақ »

Азия чемпионаты: Қазақ боксшылары Тайландтан жақсы жетістікпен оралды

Тайланд елінде өткен Азия чемпионатында Қазақстанның былғары қолғап шеберлері айтарлықтай жақсы нәтижеге қол жеткізді.  Кеше Чиангмайдағы Азия чемпионатының әйелдер арасындағы финалдық бәсекесі өз мәресіне жеткен болатын.  Дүбірлі додада финалға шыққан бес бірдей қазақстандық ару алтыннан алқа тағып, көк туымызды желбіретті. Олар: Виктория Графеева, Аида Әбікеева, Наталья Богданова, Гүлсая Ержан, Елдана Тәліпова. Сонымен қатар тағы бес боксшы – Әйгерім Сәттібаева, Жазира ...

Толығырақ »