Басты бет » Жаңалықтар » Жәнібек Әлімханұлының Анауэль Нгамиссенгені нокаутпен жеңді

Жәнібек Әлімханұлының Анауэль Нгамиссенгені нокаутпен жеңді

Кеше Астанада кәсіпқой бокс кеші өтті. Әлем көз тіккен бокс бәсекесінде IBF және WBO тұжырымдамалары бойынша орта салмақтағы чемпиондық белбеулердің иесі Жәнібек Әлімханұлы француз боксшысы Анауэль Нгамиссенгемен шаршы алаңда кездесті, деп хабарлады Jastar janary. ❗️

 Фото: бейнежазбадан скриншотталды

«Qazaq Style» атымен танылған Жәнібек Әлімханұлы IBF және WBO тұжырымдамалары бойынша чемпиондығын қорғайды. Өзі де, қарсыласы да бұған дейін кәсіпқой мансабында жеңілмеген.✔️

Сондай-ақ рингте боксшыларымыз Батыр Жүкембаев, Сұлтан Заурбек, Балауса Мұздиман, ағайынды Махмұд, Төрехан Сабырхан жұдырықтасып, жеңіске жетті.

Battle of the Brave бокс кешінің басты жекпе-жегінде «Qazaq style»  (16-0, 11 КО) франциялық Анауэль Нгамиссенгемен кездесті. (14-1, 9 КО)

x.com/qazaqstyle

12-раундтқа созылған кездесуде Жәнібек Әлімханұлықарсыласын мерзімнен бұрын 5-раундта нокаутпен жеңді.
Қазақстандық боксшы IBF және WBO тұжырымдамалары бойынша орта салмақтағы чемпиондық белбеулерін қорғады.

Бұл Жәнібектің 17 жеңісі, соның ішінде 12 кездесуін мерзімінен бұрын аяқтады.

@qazaqstantv