Басты бет » Жаңалықтар » Оралда арқан тартыстан Қазақстан рекорды орнатылды

Оралда арқан тартыстан Қазақстан рекорды орнатылды

Оралда арқан тартыстан Қазақстан рекорды орнатылды. Бұл туралы Zhaikpress БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап хабарлады.

«Оралдағы Тұңғыш президент атындағы орталық алаңда ел тарихында алғашқы рет арқан тартыстан Қазақстан Республикасының жаңа рекорды тіркелді», – деп жазылған хабарламада.

Жарысқа екі команда — «Жайық» және «Еділ» қатысып, өзара мықтыны анықтады. Қызықты да тартысты өткен бәсекеде «Жайық» командасы жеңіске жетіп, көпшіліктің қошеметіне бөленді.
Аталған жетістік ресми түрде тіркеліп, Орал қаласы арқан тартыс бойынша Қазақстанның рекордтар кітабына енді.
Шараға арнайы келген Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов қатысып, рекорд орнатылғанын жариялап, арнайы сертификатты салтанатты түрде табыстады.