Бұл туралы Қазақстан шахмат федерациясы мәлімдеді. Абдул-Мәлік соңғы турға дейін 8 ұпай жинап, қарсыласынан бір ұпайға озып шықты. Шешуші ойында ол Үндістан өкілі Ом Еш Готтумукаланы жеңді.
Жарыс нәтижелері (U7, 31 қатысушы):
1. Қайрат Абдул-Мәлік (Қазақстан) – 8 ұпай
2. Ом Еш Готтумукала (Үндістан) – 7 ұпай
3. Муслим Амраев – 2,5 ұпай
Қалған 10 жас санатында да жүлдегерлер анықталуда. Қазақстандық шахматшылардың жетеуі жүлделі орындарға үміткер.
Өткен жылы шахмат чемпионаты Перудің Лима қаласында өткен болатын. Сол кезде қазақстандық Айару Алтынбек (G13) алтын, ал Иман Набиев (O9) қола медаль жеңіп алған еді.