Басты бет » Топжарған (страница 2)

Топжарған

Президент Елена Рыбакинаны III дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны АҚШ ашық чемпионатындағы жарқын жеңісімен және теннистен «әлемнің бірінші ракеткасы» мәртебесіне ие болуымен құттықтады. Президент  тарихи мәні зор осынау табыс отандық спорттың дамуына өлшеусіз үлес қосқанын атап өтті. – Сіздің жеңістеріңізден кейін балалардың тенниске қызығушылығы артып, секцияларға көптеп жазылады. Олар да чемпион болғысы келеді. Жас өрендерге өнеге көрсетіп отырсыз. Бұл – өте оң үрдіс. ...

Толығырақ »

Дастан Сәтпаев Англияда Қазақстан U-21 құрамасының жаттығу жиынына барды

Қазақстандық жас футболшы Дастан Сәтпаев ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиынына барып, командаға Ұлттар лигасындағы алғашқы матчтарында сәттілік тіледі. Ол жарақатына байланысты шабуылшы ұлттық құрама сапында алдағы ойындарға қатыса алмайды. Қазір Дастан Сәтпаев ем қабылдап, алаңға қайта оралу үшін оңалту жұмыстарын жалғастырып жатыр. Қазақстан футбол федерациясы футболшыға тезірек сауығып, ұлттық құрама сапына қайта оралуын тіледі. * * * * * Мемлекет басшысы ...

Толығырақ »

Шаршы алаң шеберлері: Азия ойындарында ел намысын кімдер қорғайды

Аичи-Нагоядағы (Жапония) жазғы Азия ойындарының ашылу салтанатына дейін аз уақыт қалды. Olympic.kz ұлттық құрама сапында басты құрлықтық додада өнер көрсететін спортшылар туралы материалдар топтамасын жалғастырады. «Қазақстан құрамасының беткеұстары» айдарының бұл жолғы шығарылымы бокстан Қазақстан ерлер құрамасына арналады. Махмұд Сабырхан Тәжірибелі қазақстандық боксшы биыл Азия ойындарында 55 келіге дейінгі салмақта сынға түседі. Айта кетерлігі, бұл оның мансабындағы екінші Азиадасы болмақ. Бұған ...

Толығырақ »

УЕФА СУПЕРКУБОГІ 2028 ЖЫЛЫ АСТАНАДА ӨТЕДІ

Қазақ футболы үшін тарихи жаңалық. УЕФА Атқарушы комитеті бүгін Грекияның Салоники қаласынла өткен отырысында 2028 жылғы УЕФА Суперкубогін өткізу орнын анықтады. УЕФА Суперкубогының 2028 жылғы финалы елордадағы «Астана Аренада» өтеді.  Фото: Қазақстан футбол федерациясы Спорт журналисі Аслан Қаженовтың жазуынша, УЕФА Суперкубогі – еуропалық клубтық футболдағы маңызды матчтардың бірі. Дәстүр бойынша онда УЕФА Чемпиондар лигасының жеңімпазы мен УЕФА Еуропа лигасының үздігі ...

Толығырақ »

Алматыда Денис Тенге арналған мәнерлеп сырғанаудан халықаралық турнир өтеді

Алматы 7-10 қазан күндері мәнерлеп сырғанаудан халықаралық дода өткізеді. Halyk Arena мұз айдынында өтетін жарысқа 25 мемлекеттен 150-ге жуық спортшы қатысады. Жарыс бағдарламасында жасөспірімдер сайысы, ерлер мен әйелдердің жекелей бәсекесі және мұздағы би бар. Турнир 2014 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің құрметіне арналады.

Толығырақ »

Елена Рыбакина US Open турнирінің чемпионы атанды

Қазақстан теннисшісі Елена Рыбакина күні кеше Нью-Йоркте өткен US Open-2026 турнирінің әйелдер арасындағы жекелей сында чемпион атанды. Финалда Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы, турнирдің екі дүркін қазіргі чемпионы Арина Соболенконы 6:4, 5:7, 6:2 есебімен жеңді. Бұл — Рыбакинаның мансабындағы үшінші «Үлкен дулыға» титулы. Бұған дейін ол 2022 жылы Уимблдонды, ал 2026 жылы Australian Open турнирін жеңген еді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ...

Толығырақ »

Тоғызқұмалақтан топ жарған жігіттер «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

Кеше Мемлекет басшысы VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады. Марапат иелерінің арасында жастар мен балалар да бар. Жалпы 60-қа жуық Ұлттық спорттың әр түрінен жеңіс пен жүлдеге қол жеткізіп жүрген майталман спортшылар Президент қабылдауында болып, марапатталды. Солардың арасында тоғызқұмалақтан ұлттық құрама сапында ойнап, көшпенділер ойындарының алтын және күміс жүлделерін қанжығаларына байлаған Ерасыл мен Айдын да бар. Тоғызқұмалақшылар ел ...

Толығырақ »

ТАРИХИ СӘТ! Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанды

Қазақстандық теннисші US Open ширек финалында қытайлық Чжэн Циньвэньді жеңіп, мансабында алғаш рет WTA рейтингінің көшін бастады. Елена Рыбакина – Қазақстан тарихындағы әлемнің бірінші ракеткасы атанған алғашқы теннисші. Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады. – Сіз айрықша талант пен тынымсыз еңбектің және өзіңізге деген нық сенімнің арқасында WTA рейтингінде көш бастап, биік шыңды бағындырдыңыз. ...

Толығырақ »

Көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасы 58 медаль еншіледі

31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында Қырғыз Республикасында VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтуде. Қазақстан құрамасы 42 спорт түрі бойынша 152 спортшы қатысуда. Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы ордо (асық ату), тогуз коргоол (тоғызқұмалақ), кураш, гореш, монгол бох спорт түрлері бойынша бақ сынады. ​Кураш бойынша белдескен Жарылғапов Нұрдәулет ирандық балуаннан жеңілді. ​Монгол бох спортынан Амангелді Ерасыл мен горештен өнер көрсеткен Абдрахманов ...

Толығырақ »

Бішкекте VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты өтті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкекте өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатын тамашалады. Фото: 24.kz Биыл жарыстар 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында Қырғыз Республикасының Ыстықкөл облысында өтеді. Додада 100-ден астам елден 3 мыңға жуық спортшы бақ сынайды. Сайыстың 43 түрінен, соның ішінде қазақ халқының ұлттық спорт түрлерінен жүлделер сарапқа салынады. Фото: halyqline.kz Қазақстанның атынан 150-ден астам спортшы сынға түседі. ...

Толығырақ »