Басты бет » Топжарған (страница 13)

Топжарған

Президент Алматыда жас ғалымдармен кездесті

Кеше Алматы қаласына жасаған сапары барысында Мемлекет басшысы жас ғалымдармен кездесті. Кездесу барысында Алматылық он жас ғалым пәтер иегері атанды. Олар салтанатты түрде Президенттің қолынан тұрғын үй сертификаттарын алды. «Өткен жылы 284 жас ғалым баспана алды. Биыл менің тапсырмам бойынша оларға тағы 200 пәтер бөлінеді», — деді Президент ғалымдардың алдында сөйлеген сөзінде. Бұл маңызды оқиға жас мамандардың ғылыми-техникалық прогреске және ...

Толығырақ »

Батыр балалар: Оқу-ағарту министрлігі қазақстандық оқушыларды марапаттады

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында елордаға еліміздің барлық өңірлерінен өз жетістіктерімен ерекшеленген балалар, балалар қозғалысының көшбасшылары және түрлі жағдайларда адам өмірін арашалап қалған батыр балалар жиналды. Олардың әрқайсысы жоғары бағаланып, Оқу-ағарту министрлігінің алғыс хатымен марапатталды. ​Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан мемлекет тарапынан балалардың қауіпсіздігі мен жайлы ортада өмір сүруі, білім мен тәрбие алуы үшін барлық жағдайдың жасалып отырғанын айтты. ​«Биыл біз ...

Толығырақ »

Narikbayev University қайырымдылық марафонын өткізді

Триатлон саябағында Maqsut Narikbayev University мен Астана қалалық Триатлон федерациясы бірлесіп ұйымдастырған RUN FOR YELDAR — MNU MARATHON 2024 қайырымдылық марафоны өтті. Бұл туралы университеттің әлеуметтік желідегі парақшасында ақпарат жарияланды. Жыл сайын «Endowment MNU» КҚ студенттерді қолдау және бүкіл MNU қоғамдастығының әлеуметтік жауапкершілігін нығайту мақсатында қайырымдылық жүгіру марафонын өткізеді. Марафонға студенттер, түлектер, MNU қызметкерлері және еліміздің барлық ниет білдірген азаматтары ...

Толығырақ »

«JAS GALA» ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

АЛМАТЫДА «JAS GALA» ФЕСТИВАЛІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ. Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Алматы студенттер Альянсы» ҚҚ ұйымдастырған Алматы қаласының шығармашыл жастары арасындағы «Жас Гала» фестивалі өз мәресіне жетті. «Алатау» дәстүрлі өнер театрында қалалық студенттік көктем фестиваль жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Фестиваль Алматыдағы ЖОО және колледж студенттерінің басын қосты. Бір айдан аса уақыт аралығында студенттер вокал, хореография, мобилография, аспаптық орындау ...

Толығырақ »

Велотректен Ұлттық құрама Олимпиада лицензиясын жеңіп алды

Қазақстан құрамасы велотректен Париж Олимпиадасының жолдамасына ие болды. Бұл лицензия жеке спортшының өзіне емес, Ұлттық федерацияға беріледі. Еліміздің атынан сынға түсетін спортшы кейрин және спринт жарысына қатыса алады. Қазір ел қоржынында 51 лицензия бар.

Толығырақ »

Жас десантшылар әскери ант берді

Десанттық-шабуылдау әскерлерінің 61993 әскери бөлімінде 300-ге жуық жас сарбаз әскери ант қабылдады. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі жазды. Әскерге шақырылған жастар бір айлық жас жауынгер курсынан өтті. Осы уақыт ішінде олар саптық дайындық элементтеріне машықтанды. Қоян-қолтық ұрыс техникасын үйренді. Көздерін байлап қаруды бөлшектеу мен құрастыруға жаттықты. Мұның бәрі салтанатты рәсімге келген қонақтарға көрсетілді. Іс-шараға Астана, Шымкент және Қазақстанның басқа ...

Толығырақ »

Робототехникадан Хьюстоннан жеңіспен оралды

Қазақстан құрамасы робототехникадан Хьюстоннан жеңіспен оралды. Хьюстонда ең үлкен FIRST Championship чемпионаты аяқталды. Оған әлемнің 55-тен астам елінен 50 мың оқушы қатысты. Биыл Қазақстан құрамасында FIRST LEGO LEAGUE EXPLORE кіші санатында Астана қаласыныдағы Quantum STEM School мектебінен IQ Robots командасы, FIRST LEGO LEAGUE CHALLENGE орта санатында Шымкент қаласы Robopark мектебінен Shymside командасы, ал FIRST Tech CHALLENGE жоғары санатында Алматы қаласындағы ...

Толығырақ »

Тарихи нәтиже! Шорттрекші қыз топ жарды

Қазақ шорт-трек шебері әлем чемпионатында үздік нәтиже көрсетіп, күміс жүлде иеленді. Бұл  тарихи нәтиже көрсетті. Фото: Спортты дамыту дирекциясынан алынды Қазақ қызы Алина Әжіғалиева Польшаның Гданьск қаласында өтіп жатқан шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында 1 500 метр қашықтықтың финалына шығып, күміс жүлдеге қол жеткізді. Бұл – Қазақстандық бұрымды шорт-трек шебелерінің әлем чемпионатында еншіленген тұнғыш жүлдесі.

Толығырақ »

Үкімет басшысы Олимпиада жеңімпаздарын қабылдады

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов 19 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Канвондода (Корея Республикасы) өткен IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне Мемлекет басшысының атынан алғыс хаттар табыс етті. Үкімет басшысы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хатын оқып беріп, спортшыларды қол жеткізген нәтижелерімен құттықтады. Премьер-Министр бұл Қазақстанның жастар арасындағы қысқы Олимпиада ойындары тарихындағы алғашқы алтыны екенін атап өтті. Жалпы медаль саны ...

Толығырақ »

Айкидо: Ресейде өткен «Қысқы форум»

26-28 қаңтар күндері Ресейдің Самара қаласында жапон жауынгерлік қорғаныс өнері айкидо айкикай бойынша «Қысқы форум» өтті. Оған Мәскеу және Мәскеу облысы, Нижный Новгород, Рязань, Челябинск, Ульяновск, Тольятти, Новокуйбышвск, Самара қалаларымен қатар, Қазақстаннан Орал қаласының да айкидошылары қатысты. Жүзге жуық қатысушысы бар форумда балалар және ересектер болып екі топқа бөлініп, айкидоның түрлі тәсілдерін жаңа қырынан танып, орындалу барысына мән бере жаттықты. ...

Толығырақ »