Басты бет » Жаңалықтар » Испания төртінші мәрте Еуропа чемпионы атанды

Испания төртінші мәрте Еуропа чемпионы атанды

Испандықтар Еуропа чемпионатын ең көп жеңген құрама болды. Бұл туралы 1bol.kz арнасы жазды.

 

Фото: https://1bol.kz

Футболдан Еуропа чемпионаты мәресіне жетті. Бір айға созылған доп додасында Испания құрамасы оза шауып, турнир чемпионы атанды. Финалда «қызыл фурия» Англияны 2:1 есебімен жеңді.

Бірінші таймда командалар барынша сақ ойнап, аса қауіпті шабуылдар ұйымдастырған жоқ. Ал, екінші тайм бастала салысымен Испания Англия қақпасын қысымға алып, 47-минутта ақыры гол соқты, көзге түскен – Нико Уильямс.

73-минутта Колу Палмер есепті теңестіргенімен, Испания мәселені овертаймға жеткізбей шешіп тастады: 87-минутта Микель Оярсабаль екі қорғаушының арасынан сытылып шығып, әріптесі берген пасқа бірінші жетті.

Осылайша Испания құрамасы Еуропаның төрт дүркін чемпионы атанып отыр (1964, 2008, 2012, 2024). Ал, Англия жаттықтырушысы Гарет Саутгейт Еуропа чемпионатының финалына қатарынан екі рет шығып, екеуінде де жеңілген алғашқы бапкер деген мәртебеге ие болды.