Осы материалды оқығаннан кейін жүрегіңізге жақын аксессуарларыңызды тексерістен өткізіп алыңыз.
Шаштың уақыт өткен сайын сиреп кету себебін мамандар, әлбетте, күйзеліс, ағзаға ақуыздың жетіспеушілігі, жүктілік деп түсіндіреді. Алайда, қарапайым әйелдер сөмкесі немесе рюкзактің шаштың түсуіне әкеліп соғатынын көпшілік біле бермейді.
Жергілікті басылымдардың бірінде жарияланған испандық стилистердің жеке бақылауы сұлулық индустриясында резонанс туғызды – иығымызға асып жүретін үлкен сөмкелер шашымызға кәдімгідей зиян екен. Шашты жайып жүргенде, сөмкені немқұрайлы иығымызға саламыз, ал осы кезде сөмкенің астында шашымыздың қалатыны анық.
Нәтижесінде шаштың жіңішке талдары шамадан тыс ауыр жүк алады да, фолликулдар (лимфалық бездер түйіні) әлсірейді. Егер бұл жағдай жиі қайталанса, әдеттегі көлемді шашыңыздан айырылуыңыз мүмкін.
Қуанышыңызға орай, бұл мәселені оңай түзете аласыз. Ең қарапайым шешім – жолда жүргенде шашыңызды төбеңізге түйіп алыңыз немесе шашты буып қойыңыз.
Дайындаған: Ақтоты БОРИСҚЫЗЫ
Негізгі дереккөз: http://www.elle.ru