Безеу картасы және безеуге қарсы күресу жолдары
1-2. Ас қорыту жүйесі – Денсаулыққа пайдасы кері тағамдарды аз жегеніңіз абзал.
Май үлесі аз асты көбірек тұтынған жөн.
3. Бауыр – Ішімдік, майлы, сүтті тамақтардан бас тартыңыз. Осыған қоса күніге жеңіл жаттығулар жасаңыз.
Көбірек ұйықтаңыз.
4-5. Бүйректер – көз айналасындағы барлық ақаулар (оған қоса айналасының қараюы) бұл бүйректердің қурап бара жатқанын көрсетеді. Мұндай жағдайда көп мөлшерде су ішуді әдетке айналдырыңыз.
6. Жүрек – артериялық қысымды және В дәрімен деңгейін тексеріңіз. Ащы тағам, ет жеуді азайтыныз.
Таза ауада көбірек болыңыз. Оның үстіне холестерин деңгейін төмендетініз.
Пайдасыз майлы дәмдерді, пайдалы майлы азық-түлікке ауыстырыныз. Мысалы: жаңғақтарда, авокадода, балықта, зығыр дәнегіңде пайдалы Омега-3 пен Омега-6 үлесі бар.
Оған қоса, осы аймақта тері өткізетін бет терісінің тесіктерінің бітелуі ескірген макияж немесе мерзімі өткен косметика себеп болуы мүмкін.
7-8. Тағы да бүйрек – су, су, т.б. ішіңіз.
Газдалған сусын, кофе, ішімдік тұтынуды тоқтатыңыз. Өйткені, олар бүйректің қурауына әкеліп соғады.
9-10. Тыныс алатын жүйесі – Сіз темекі шегесіз бе? Бір нәрсеге аллергияныз бар ма?
Егер сіз темекі шектейтін болсаңыз, еш нәрсеге аллергияңыз жоқ болса, онда бойыңызды қыздырмаңыз.
Салқындатылған тамақтарды көбірек тұтынған жөн.
Қант мөлшерін азайтыңыз, таза ауада көбірек серуендеңіз.
Ағзаға қышқылдық беретін тағамдардан аулақ болыңыз. Мысалы: ет, сүтті тағамдар, ішімдік, кофейн, қант. Керісінше, жемістерді, көкөністерді көбірек жеңіз.
11-12. Гормон – бұл нағыз стресс таңбасы және гормон өзгерісін көрсетеді.
Күніге аз дегенде 8 сағат ұйықтау, көп мөлшерде су ішу, аскөк, т.б. көп тағамдарды көбірек ішуді күнде қатаң режимде қадағалаңыз.
13. Асқазан – қарқынды жасушаларды жандандырып, уыт шамасын азайту қажет.
Ас қорытуды қалпына келтіру үшін, көбірек шөпті шайларды ішіңіз.
14. Ауру – сіздің ағзаныз бактериялармен күресіп жатқанын көрсетеді, түрлі ауруларға шалықпас үшін ағзаға демалыс беріңіз.
Көбірек ұйықтаңыз, жаттығулар жасаңыз, көп мөлшерде су ішіңіз.
Дайындаған: Ақтолқын ТАЖИКОВА
Мақала «Өнерлі қыздар» парақшасы негізінде әзірленді