Басты бет » Руханият » «МЕНІҢ АТЫМ — ҚОЖА»

«МЕНІҢ АТЫМ — ҚОЖА»

«МЕНІҢ АТЫМ — ҚОЖА» ФИЛЬМІНДЕ ҚОЖАНЫ ОЙНАҒАН НҰРЛАН СЕГІЗБАЕВТЫҢ ЕСТЕЛІГІНЕН:
Кинодағы анам Бикен апайдың баласының бұзақылығына налып, көңілсіз жатқан сәтінде, көзіме жас алып тұрып, түзелуге уәде беретін сәтім бар. Сол уақытта қайғырып, төсекте жатқан Бикен апайды көріп, күлкім келе берді. Көзіме су да тамызды, бірақ, болмады. Режиссер Абдолла аға да, Бикен апай да ренжіді. Мен күлкімді тоқтата алмаймын. Үш-төрт дубль жасалды. Кенет, кезекті талпыныста Абдолла ағаның жаныма жетіп келіп, шапалақпен тартып жібергені бар емес пе? Түсіруші топ аң-таң, барлығы тым-тырыс бола қалған. Өкпе мен ызаға булыққан менің көзім жасқа толып шыға келді. Сол сәтте айналамдағылар «түсірілді» деп қуанып, айқайлап жіберді. Абдолла аға қасыма келіп, құшақтап алып, бетімнен сүйе берді. Ол кезде бала болсам да Абдолла ағаға ренжи алмадым.
Әсет Ақмолда