Басты бет » Жаңалықтар » Түн аждаһасы

Түн аждаһасы

rzh2

«Хиуазды көрген адам ажарына көз тоқтатпай өте алмайтын, көңілді, аңғал, алғыр,қайсар да тентек, тәні де, жаны да бірдей сұлу қыз». Дала аруы Хиуазды жауынгер құрбылары осылайша сипаттайды. Қандай табылған сөз. Хиуаз көрікті, ибалы, ақылды, намысқой, парасатты, жан-тәні бірдей сұлу. Ұлттың рухын сақтайтын қыздар мәртебеін қазақ ежелден жоғары бағаланыпты. Төрдің оң жағынан орын берген сүйіктісін қазақтар күннің көзінен, желдің өтінен қорғапты. Алаштың дара еркесі ай маңдайлы ару Хиуаз Қадырқызы ІІ Дүниежүзілік соғыста әйгілі 46-гвардиялық Тамань әуе полкінде жауға қырғидай тиген ұшқыш, нағыз қыран болатын. Фашисттер Хиуаз сұлуды неліктен «түн аждаһасы» деп атаған? Сонымен, Хиуаз кім?
Хиуаз Доспанова Атырау облысы Құрманғазы ауданы Зормата ауылында 1922 жылы мамыр айында өмірге келген. Бала кезінен намысқой өскен қыз інісін қорғаймын деп аула бұзықтары ересек ер балалардың мұрнын қан қылған.

Хиуаз

Хиуаз Орал қаласындағы орта мектептің соңғы сыныбында оқып жүріп аэроклубқа қатысып, запастағы ұшқыш деген куәлік алды. Аспанға ғашық қыз арманының алғашқы қадамдары осылай басталады.
Мектепті үздік бітірген бойжеткен бала күнгі арманын арқалап Мәскеудегі Жуковский атындағы әскери-әуе академиясына оқуға келеді. Алайда, қазақ даласынан келген қыздың құжаттары қабылданбайды. Алғашқы сәтсіздігін елемеген ол Мәскеу Медицина Институтына тапсырып, емтихансыз қабылданады. Арада 1 жыл өткеннен кейін, 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталады. Хиуаз ұшқыш Марина Раскова қыз-келіншектерден жасақталған авиаполкына сұранып командирге өжеттігімен танылып, әскери құрамға қабылданады.
Жедел дайындықтан өткен қыз-келіншектер жасағы 1942 жылдың мамырында майдан даласына енеді. Хиуаздың ең алғашқы ұрысы немістердің Майндорф бекетін бомбалаудан басталады. Әр ұшақта екі қыздан бір сағатта 120 шақырымды бағындыруы тиіс. Әрбір қыз бір түнде 5-10 рет жау тылына шабылдауға міндеті. Хиуаз апа естеліктерінде: «Біз тек түнде ұшатын кішкентай У-2 ұшағы фашистердің зәре-құтын қашыратын» деп жазады. Түн тыныштығын бұзған бұл қыран қыздарды немістер «Түн аждаһалары» деп атайды.

Хиуаз батыр 1943 жылдың көктемінде Кавказ үшін ұрыста аяғы сынып ауыр жарақат алады. Бас хирургтің «аяғымен жүре алмайды» деген дәрігерлік қортындыны елемеген екінші топтағы мүгедек майданға қайта беттейді. Майдандас құрбылары өздігінен жүріп-тұра алмайтын Хиуазды ұшаққа арқалап отырғызып жүреді… Қыздарға салмақ салмайын деп, ұшақ қабинасында қалатын сәттері жиі болған. Осылайша «түн мыстандары» Кубан, Тамань, Беларуссия, Қырым, Польша елдерін түгел азат етті. Аңызға бергісіз қазақтың қайсар қызы Хиуаз сұлу 300-ден аса жауынгерлік операция орындап, аса маңызды жау бекеттерін талқандайды. Кавказ үшін алпарыста көрсеткен ерлігі үшін «Қызыл Жұлдыз»,«Кавказды азат еткені үшін» ордендерімен марапатталады. Ал Қырым шайқасындағы ерлігі үшін «Екінші дәрежелі Отан соғысы» орденімен қоса аға лейтенант шені беріледі. Сондай-ақ, «Бірінші дәрежелі Отан соғысы», «Варшаваны азат еткені үшін» және «Германия түбіндегі жеңіс» ордендері беріледі.

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*