Басты бет » Жаңалықтар » Жұлдыз Әбдікәрімова: Ақырын жүріп, анық басуға тырысамын

Жұлдыз Әбдікәрімова: Ақырын жүріп, анық басуға тырысамын

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі парақшасында арманымен бөлісті, деп хабарлайды Jastar janary.

«Ақырын жүріп, анық басуға тырысамын. Тұрақты оқырманымнан, жақындарымнан жасырмайтын үлкен бір арманым бар. Кеудемде жаным барда, жүректе арман барда, ой мен санам тұнық кезінде ұстанатын бағытым бар. Ол еліміздің барлық өңірлеріндегі театр саласына өз деңгейімде үлес қосу.
Ондағы мақсатым:
— Облыс, аудан, аймақ, ауыл сахналарында өнер көрсету арқылы, сол мекендегі сала проблемаларына жауаптылардың назарын
аударту;
— Алматы, Астана секілді үлкен қалалардағы қойылымдарды көруге мүмкіндік ала бермейтін аймақтық ағайынға ойлы қойылымдар ұсыну;
Иә, «Жалғыздың үні шықпас!» дерсіз? Бірақ біз болмасақ кім жасайды? Қазір болмаса қашан?
Бұл жылды ҰЛЫлардың мекені ШҚО-дағы сапардан бастадым.
«ШҚО драма және оперетта театрының» режиссері Асыл Қозықанов @asylkozykanov хабарласып, шақырту ұсынғанда бірден келістім. Біріншіден, бұл менің ұстанымыма, жоспарыма сай еді. Екіншіден, менің сүйікті жазушым Шыңғыс Айтматовтың «Шынарым менің, шырайлым менің» повесті сахналанғалы жатты. Ең алдымен өңірдегі әріптестеріммен тәжірибие алмасамыз. Бір-бірімізге береріміз де, аларымыз да аз емес деп білемін. Бірлесе атқаруға бел буған қойылым ойдағыдай өтсін. Ең бастысы талғамы бөлек бұл мекендегі көрерменнің көңілінен шығуына тілектеспін Абырой берсін», – деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.