- Құрамы:
Кокос сүті (немесе қандай да болмасын өсімдік сүті) – 150 мл.
Какао майы – 50 гр.
Топинамбура сиробы (немесе бал) – 50 гр.
Кешью – 70 гр.
Шоколад – 100 гр.
- Жасалу жолы:
Алдымен, 70 гр кешьюді 4-8 сағатқа суға салып қоямыз. Дәнектерде фитин қышқылы болады, яғни фитин қышқылынан арылу үшін суға жібітеміз. Суда біраз тұрған соң, суын төгіп жуып аламыз. Кептірмейміз. Кешью жұмсақ, блендрге езуге ыңғайлы болады.
Блендрге сұйық заттарды құямыз.
- сироп топинамбура немесе бал.
- какао майы немеме кокос майы.
- сүт (өсімдік сүті).
- және кешью.
Барлығын салып, жақсылап блендірлейміз 2-3 мин. Біркелкі масса болу қажет. Оны қалыпқа (формаға) құямыз. (Форманы алдын ала жуып аламыз). Таяқшаларды салып шығамыз.
- Тоңазтқышқа 3-4 сағатқа саламыз.
- Эскимо қатқан соң, шоколадты ерітіп, батырып аламыз.
- Қалауымызшы әрлейміз.
Осылайша, ПП Эскимо дайын. Ас болсын!