Басты бет » Жаңалықтар » «Жаздың бір қызығы банкі деген…»

«Жаздың бір қызығы банкі деген…»

Жаздың бастапқы екі айы суға түсіп, қыдырумен өтсе үшінші тамыз айы аналарымыз үшін маңызды кезең. Бұл айда қауырт та қызық тірлік банкі жабу басталады.


«Қыстың қамын жаз ойла» деп ұрандатқан қыз-келіншектер тосап қайнатып, тұздалған қияр мен қызанақ басуға кіріседі. Жабылған өнімді үйге келген адамдарға да ұялмай ұсынасыз. Оны қонаққа келген адамдарға беріп тұрып: «Жеп болған соң банкіні кері беріп жіберуді ұмытпаңдар», – деп айтып жіберуді де ұмытпуға болмайтын тәрізді. Сол шыны банкілерің анау бір айтқандай таптырмайтын дүние болмаса да кері қайтуы керек. Әйтпесе, базар сөрелерінде қаз-қатар тізіліп-ақ тұр деп ойлауыңыз мүмкін. Бұл да бір жаздың банкі жабу қызығы болса керек.
Қалай болғанда да бұл өзі ғажап кезең. Банкі жабуды бастамас бұрын базардың табалдырығын талай тоздыру керек. Таңғы сағат 5-6-ның кезінде көтерме бағамен арзан өнім алуға тырысу керек. Әйтпесе күн ауа бағада көтеріліп кетеді. Облыс орталығындағы «Мирлан» орталық базарында ертемен барсаңыз қиярдың бағасы 220-230 теңгені құраса, қызанақтың келісі 250 теңге. Компот басамын десеңіз торынның шелегі 2500, ал өріктің келісі 350 теңге. Сарымсақтың келісі 1200 теңге. Бұл таңғы базардағы баға. Неге қымбат десеңіз, саудагерлер «Күннің салқындығы мен жауын-шашын әсерінен» дейді. Биылғы баға жылдағыдан едәуір қымбат. Тайпақтың тәтті қарбызы да келісі 100 теңгеден сатылып жатыр. Сөйтіп, жергілікті өнімді іздеп, бағасының арзандағанын күтіп жүрген болсаңыз биыл қыста азықсыз қаласыз. Баға түсудің орнына өсетін сыңайлы.
Банкі жабудың да өз ерекшелігі бар. Сарқылдап қайнап жатқан шәйнекке банкіні салып қойып, қайнату керек. Қақпақтарын да қайнатуды ұмытпағаныңыз жөн. Сосын ішіне көкөністерін салады. Бірінде тек қияр, екіншісінде тек қызанақ, ал үшіншісінде аралас «ассорти». Болгар бұрышы, қырыққабат жапырақтары да салынатын кездер болады. Үйдің бір бұрышына қаз қатар тізіліп теріс аударылған банкілер. Астына да, үстіне де қымтап жылы көрпе жабылады. Содан соң қайта-қайта қарап , атылып кетпеуін тілеп жүру де қызық кезең.
Жылма жыл жүз тіпті екі жүзге дейін банкі жабатын жандар бар. Әлеуметтік желіде қыз келіншектерге сұрау салған болатынбыз. Нәтижесінде, қысқа сақадай саймыз деген жауап алдық.1-3 (Қыздары Мөлдір мен Сезім).jpeg
«Сатуды қолға аламын»

Жыл сайын 100 банкі жабуды қолға алған подстепныйлық Гүлнафис Джалмишева тілдескен болатынбыз.
— Қысқы азық жинауды тамыз бен қыркүйек аралығында жасаймын. Жылда жүздің үстінде қытырлақ қияр, тәтті сусындар мен салаттар жабуды әдетке айналдырдым. Шақыратын қонақтарымызға да өзімізге де молынан жетеді. Жапқан банкілерді бір жылға есептеп, толық жеткізуге тырысамын. Биылғы жабылған көкөністерді келер жылға сақтамаймын. Өрік, торы, алма, қарақат және бір-біріне араластырып 60 банкі компот жабамын. Балаларым сүйіп ішеді. Газдалған сусындарды ішкенше өз қолымнан шыққан, табиғи жеміс шырындарын ішкендерін дұрыс көремін. Компоттан бөлек, қияр мен қызанақ, түрлі салаттар, тосап та қайнатамын. Қажетті көкөністер мен жемістерді қала орталығындағы базардан аламын. Биылғы жылы баға едәуір өскен. Биыл саттыққа жасап көрсем деген ойым бар. Қасымда көмекшіҚ екі қолқанат қызым Мөлдір мен Сезім бар. Оларды да кішкентайынан еңбекке баулып, білгенімді үйретудемін, – дейді Гүлнафис Сағатқызы.

1-1.jpeg

Біле жүріңіз!
Қарбыз бен қауын қабығынан тосап
Қарбыз және қауын қабығынан жасалған джем үшін сізге қажет:
қарбыз қабығы – 0,5 келі;
қауын қабығы – 0,7 келі;
қант – 1 келі;
су – 650 мл;
лимон қышқылы – 0,5 шай қасық;
ванилин.
Қарбыз бен қауынның бөлінген қабықтарын жақсылап жуып, қатты қабығын алып, кішкене текшелерге кесу керек. Әрі қарай қант шәрбаты дайындалады. 500 г қант джем дайындалатын табаға құйылады және сумен құйылады. Отқа қойыңыз, араластырыңыз, қайнатыңыз. Қайнаған сиропқа қарбыз бен қауын қабығын қосып, жақсылап араластырыңыз. Қайнатыңыз, лимон қышқылын қосыңыз, алынған көбікті алыңыз. Содан кейін өртті азайтып, 15 минут қайнатыңыз.
Кеңес! Қабыршықтардың тым жұмсақ болуын болдырмау үшін оларды 30 г тұз бен 1 литр
суға қатынасында 30 минут тұзды ерітіндіге батыруға болады. Содан кейін тұзды суды ағызып, қыртыстың үстіне ыстық су құйыңыз.
Пісірілген джемді пештен шығарып, шамамен 2-3 сағат суытып алыңыз. Қайта отқа қойыңыз, қайнатыңыз, 15 минут пісіріңіз. Өрттен алып тастаңыз. 2 сағаттан кейін пісіруді қайталаңыз. Төртінші пісіру уақытына дейін қалған 500 г қант пен ванилинді джемге қосыңыз, жақсылап араластырыңыз. Пешке қойыңыз, араластырыңыз, қайнатыңыз. Өртті азайтып, 20 минут қайнатыңыз. Дайын джем аздап салқындатылады, содан кейін зарарсыздандырылған банкаларға құйылады. Мықтап жабыңыз, аударыңыз және сүлгімен жабыңыз. Толық салқындағаннан кейін дайындамасы бар консервілерді қыста сақтауға жіберуге болады.
Татарлар әдісімен дайындалған салат
Қажетті қоспалар: 2 келі баялды;
1,5 келі болгар бұрышы;
1,5 келі қызанақ
1 келі пияз
100 гр қант
150 мл өсімдік майы
70 гр тұз
1-2 дана ащы қызыл бұрыш.
Жарты шай қасық кориандр
1-2 тал ақжелкек тамыры
30 гр. балғын аскөк
4 бас сарымсақ
40 гр. күнзе.
Дайындалу тәсілі: Барлық көкөністерді тазалап жуып, қабығын аршимыз. Баялдыны текшелеп немесе ұзыншалап турайсыз. Ал қызанақ, сарымсақ, аскөк пен ащы бұрышты еттартқыштан өткізесіз. Пияз бен болгар бұрышын ұзыншалап турау керек. Содан соң қазанға май құйып, пиязды, туралған ақжелкек тамырын қуырасыз. Кейін тартылған қызанақты қйұып, 5-7 минуттай қайнатады. Артынша, баялды мен тұзды салып, барлығын жақсылап араластырыңыз. Осылайша қазанды ары қарай 20 минуттай қайнату керек. Енді қазанға тәтті болгар бұрышын салып, 10 минуттай қайнатасыз. Осы уақыт өткеннен кейін еттартқыштан өткізілген сарымсақ, аскөк, ащы бұрышты, кориандр мен қантты салыңыз.

Бәрін салып болған соң салатты 1 сағаттай қайнатасыз. Дайын салатты банкаларға құйып, қақпағын арнайы бұрағышпен бұрасаңыз болғаны.

Балнұр Қанаева