Басты бет » Жаңалықтар » Құймақ торты

Құймақ торты

Қажет заттар:
— 3 жұмыртқа,
— 1 стақан шекер,
— 1 л сүт,
— 0,5 қасық тұз, ас содасы,
— 4 ас қасық өсімдік майы,
— 1,5 стақан ұн.

Крем үшін:
— 1 қоюландырылған тәтті сүт (сгущенка),
— қаймақ.

Дайындалуы:
— жұмыртқаға қант, тұз, ас содасын қосып араластырып алу қажет.
— үстіне май қосылады.
— оған сүттің жартысын құйып, ұнды косып араластырады.
— Қалған сүтті қосып, сұйық қамыр дайындалады.
— Табаны майлап қыздырып алған соң, қамырды ожаумен құйып құймақ пісіріледі.
Кремге қаймақ, қоюландырылған сүтті миксермен араластырып, құймақтың арасына, жан-жағына крем жағылады. Шетіне печеньені үгітіп себуге болады. Үстіне молынан крем жағып, торттың бетін әсемдеуге болады.