Басты бет » Жастар үні » «Еуропа, дайын бол!»: 17 жастағы футболшы Дастан Сәтпаев «Қайратпен» қоштасты

«Еуропа, дайын бол!»: 17 жастағы футболшы Дастан Сәтпаев «Қайратпен» қоштасты

Алматылық футбол жанкүйерлері талантты ойыншысымен қоштасу рәсімін жасады.
Фото: sports.kz

Бұған британдық Daily Mail басылымының журналисі Киран Гилл ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Jastar janary inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Журналист әлеуметтік желідегі парақшасында «Қайрат» жанкүйерлерінің 17 жастағы шабуылшыны Лондонның «Челси» клубына аттанар алдында ерекше құрметпен шығарып салғанын жазған. Оның сөзінше, Алматыдағы матч кезінде трибунада «Еуропа, дайын бол – қазақ жауынгері жолға шықты» деген жазуы бар үлкен баннер көтеріліп, жанкүйерлер стадионда «Дастан Сәтпаев» деп ұрандатқан.

Дастан Сәтпаев үшін «Қайрат» сапындағы соңғы матчы Алматының Орталық стадионында өтті. Қазақстан Премьер-лигасының кейінге шегерілген 17-туры аясында алматылық ұжым «Қызылжарды» 3:0 есебімен жеңді. Бұл ойында болашақта «Челси» намысын қорғайтын футболшы дубль авторы атанды.

Дастан Сәтпаев Лондонға 26 маусым күні аттанбақ. Әуелгі жоспар бойынша футболшы Англияға 18 жасқа толғаннан соң, яғни тамыз айында баруы тиіс болатын. Десе де, «Челси» клубының басшылығы ойыншыны маусымалды жиындарға қатыстыру үшін оны ертерек жіберуді сұраған.

Кеше Алматыдағы орталық стадионда Қазақстан премьер-лигасы аясында алматылық «Қайрат» пен қызылжарлық «Қызылжар» командалары арасында футбол матчы өтті.
Ойын алдында Ұлттық құрама ойыншысы Дастан Сәтбаев  «Қайрат» сапындағы соңғы матчын өткізіп, үлкен жолға шыққалы тұр.
«Қайраттықтар «Қызылжар» қақпасына 3 бірдей гол салып, жеңіске жетті.
команданы жеңіске жетеледі.
Футболшыны шығарып салу рәсімі өте жылы өтті. 17 жастағы баланы жас та, кәрі де қимағаны сезілді. Төреғали Төреәлі Дастанға арнайы ән шығарып, стадионда тұсауын кесті.
Отандық футболдың тарихындағы маңызды қадамдардың бірі болғай. Алдағы белестерді бағындырып, армандарыңа жете бер!
Күзде Ұлттық құрама сапында күтеміз!