Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген Ақтөбе қаласындағы өзі білім алған М.Құрманғалиева атындағы №32 мектеп-гимназиясы мен музыкант ретінде қалыптасуына негіз болған Ахмет Жұбанов атындағы музыкалық колледжіне барып, ұстаздарымен кездесті, деп хабарлайды Jastar janary. 
Әнші жақында жаңа бейнебаян түсірмек. Ақтөбеде бейнебаянның дайындық жұмыстары жүргілуде.
«Мектеп – балалықтың мекені, ал ұстаз – сол шақтың ең жарқын шамшырағы. Бүгін №32 мектеп-гимназиясына барып, мені тәрбиелеген ұстаздарыммен қауыштым. Уақыт өзгереді, адам өседі, бірақ ұстазға деген құрмет пен мектепке деген сағыныш ешқашан өзгермейді», – деп жазды әнші желідегі парақшасында.
Jastar janary Ұлттық, қоғамдық-мәдени ақпараттық порталы
