Басты бет » Жастар үні (страница 6)

Жастар үні

Мемлекет басшысы Астанадағы «SANA» оқушылар сарайына барды

Мемлекет басшысы Астана қаласындағы «SANA» оқушылар сарайын аралап көрді.  Бес қабатты заманауи ғимаратта 5-17 жас аралығындағы жеткіншіктерге арналған 60-тан астам үйірме мен спорт секциялары жұмыс істейді. Олар техникалық шығармашылық, сәндік-қолданбалы өнер, әлеуметтік ғылымдар, музыка және хореография, спорт секілді бірнеше бағытқа бөлінген. Орталық бір мезгілде 700 баланы қабылдай алады. Аумағы 7500 шаршы метр ғимаратта соңғы үлгідегі технологиялармен жабдықталған оқу кабинеттері, жүзу ...

Толығырақ »

Орал жастары тазалық айлығын бастады

Елімізде 30 қыркүйек пен 21 қазан аралығында санитарлық-экологиялық айлық басталды. Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың міндеті. Осы мақсатта Орал қаласының жастары қала аумағын күтіп ұстау мақсатында дәстүрлі экологиялық акция ұйымдастырды. Тазалық шарасына студент жастар қатысып, белсенділік танытты. Жалпықалалық сенбілік келесі 21 қазанға дейін жалғасады.  

Толығырақ »

18 жасында кәсіп ашқан Бейбарыс

Жас келсе, іске! Бүгінде жастығына қарамай, бас болып кәсіп ашып, еңбек етіп жүрген еңбекқор жастар аз емес. Олар қиыншылыққа мойымай, үлкен жұмыстарды атқарып келеді. Жастарымыздың білімді де білікті, еңбексүйгіш, адал әрі жауапты болуы – еліміздің дамуы үшін қашанда маңызды. Сондай еңбексүйгіш жалынды жастың бірі – Бейбарыс Тұрсынбай. 21 жасар Бейбарыс – Шымкент қаласындағы Мұхтар Әуезов университетінің студенті. Сондай-ақ оқуымен бірге ...

Толығырақ »

Жас ғалымдарға баспана берілмек

Елімізде жас ғалымдарға қолдау көрсетіледі, деп хабарлайды «Хабар 24» Енді оларға Үкімет тарапынан жыл сайын 200 баспана бөлінеді. Ал профессорлардың жалақысы жыл сайын 20 пайызға өседі. Бұл туралы Жетісу өңіріне сапары барысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді. Салаға алдағы 3 жылда 650 миллиард теңге бөлінеді. Оның 6,5 млрд теңгесі ғылымды дамытуға жұмсалады. Ақысыз жұмыс атқаратын Ұлттық ғылыми ...

Толығырақ »

Астанада жас жігіт 20-қабатында ілініп тұрған қызды құтқарды

Фото: Видеодан алынған кадр Желіде Астанадағы көпқабатты үйдің терезесінде ілініп тұрған адамның видеосы тарады. Көпқабатты тұрғын үй кешенінің 20-шы қабатында 10 жасар қыз бала ілініп тұрған, оны күзет қызметкері құтқарып қалды. Оқыс оқиғаның видеосы astana_brothers Instagram парақшасында пайда болды. Видеодан көпқабатты үйдің жоғарғы қабатындағы терезеден адам бейнесі салбырап тұрғанын көруге болады. Видеоға түсірген куәгердің сөзінше, 20-шы қабаттың терезесінде кішкентай қыз ілініп тұрған. Желідегі ...

Толығырақ »

Оқушылар белгілі журналистпен кездесті

Астана қаласы әкімдігінің Дінмұхамед Қонаев атындағы № 66 мектеп-лицейнің 7-сынып оқушылары үшін биылғы оқу жылы бұрынғыдан өзгерек басталды. Бірыңғай сынып сағатында кәсіби қызметінде елеулі жетістіктері бар, еңбексүйгіштік, білімге деген ұмтылыс және отаншылдық құндылықтарының жарқын көрінісі болып табылатын құрметті қонақтың қатысуы ұсынылған-тын. Білім күні қарсаңында шақырылған ерекше қонағымыз «Qazaqstan» ұлттық арнасының басты саяси ток-шоуы – «Ашық алаң» бағдарламасының белді жүргізушісі, сөйлесе ...

Толығырақ »

Мемлекет басшысы елордалық еріктілер мен белсенділерге алғыс білдірді

Мемлекет басшысы футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жеңісі туралы жылы лебізін білдіріп, елордалық еріктілер мен белсенділерге алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Instagram парақшасында Қазақстан ұлттық құрамасының жеңісі туралы жазба жариялады. – Біздің ұлттық құраманың Солтүстік Ирландияның мықты командасымен алаңдағы кездесуін қызыға тамашаладым. Ойын өте қызықты әрі тартысты өтті. Қазақ футболшылары қарсылас командаға төтеп беріп, 1:0 есебімен лайықты жеңіске қол жеткізді. ...

Толығырақ »

Қарт адамды кемсіткенде шыдай алмадым». Автобуста зейнеткерге араша түскен қыз марапатталды

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев 15 жастағы Жаннұр Нұржанға қоғамдық көлікте қарияға көмек көрсету кезіндегі мейірімділігі, батылдығы үшін грамота мен естелік сыйлық табыс етті. Бұл туралы Jastar janary.kz тілшісі жазды Massaget.kz сайтына сілтеме жасап. «Сіз түсірген видеоны әлеуметтік желіден көрдім және көп алматылық сияқты бұл оқиға мені де бей-жай қалдырмады. Бір жағынан, жолаушылардың әрекетіне қынжылдым, ал екіншіден, сіздің әрекетіңізге риза ...

Толығырақ »

Колледж студенттерінің стипендиясы 50%-ға өсті 

Биыл 190 мың жас колледж студенті атанды. Оның 133 мыңы мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын болады. Кәсіпорындардың өтінімі бойынша 10 мың студент білім алады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша осы жылы мемлекеттік білім беру тапсырысы 50 мың орынға ұлғайтылды. Техникалық және кәсіптік колледж студенттерінің 75 мыңы квота бойынша қабылданды. Колледж студенттерін ынталандыру мақсатында 2023 жылдың қыркүйегінен бастап стипендияны кезең-кезеңімен арттыру ...

Толығырақ »

1 ҚЫРКҮЙЕКТЕН ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІНЕ ӨТІНІШТЕР ҚАБЫЛДАНАДЫ

Іріктеуге өтінімдерді қабылдау 1 қыркүйектен бастап pkrezerv.gov.kz сайтында қолжетімді болады. Өтінімдер 30 қыркүйекке дейін қабылданады. Іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, қазақ тілін меңгерген (В1 деңгейінен төмен емес) Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады. Биыл іріктеу келесі бағыттар бойынша жүргізіледі: — Инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты; — Агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау; ...

Толығырақ »