Басты бет » Жастар үні » Астанада Ұлттық кітап күні атап өтілді: «Кітап FEST» іс-шарасы кітап пен өнер сүйер қауымның басын қосты

Астанада Ұлттық кітап күні атап өтілді: «Кітап FEST» іс-шарасы кітап пен өнер сүйер қауымның басын қосты

Елордалық Арбатта биыл Қазақстанда алғаш рет тойланып жатқан Ұлттық кітап күніне орай «Кітап FEST» фестивалі өтті, деп хабарлайды Jastar janary Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Фестиваль аясында елорда тұрғындары мен қонақтары сүйікті кітаптарын әкеліп, арнайы «кітап сөресі» арқылы алмасты. Мерекелік көңіл күйді жас ақындар, әртістер мен музыканттардың қойылымдары арттыра түсті.

«Биыл 23 сәуір күні алғаш рет Ұлттық кітап күні атап өтіліп жатыр. Бұл – халқымыздың білімге, рухани құндылықтарға және оқуға деген үлкен құрметінің белгісі. «Кітап FEST» кітап пен ағартушылық саласын құрметтейтін жандардың басын біріктіретін рухани алаңға айналатынына сенімдімін. Оқуға деген қызығушылық артып, әрбір кітап беті жаңа көкжиектер ашсын!» — деп тіледі Сарыарқа ауданының әкімі Жаңасыл Шаукентаев.

Ол сондай-ақ кітап алмасуға арнайы қатысып, жастар арасында кітап оқуды насихаттаудың маңыздылығын атап өтті.

«Бұл – өте көңілді әрі ерекше фестиваль. Достарымызбен бірге жиі кітап оқимыз және мұндай іс-шаралар бос уақытымызды тиімді өткізуге көмектеседі. Баршаңызды мерекемен құттықтаймыз!» — деп фестивальге келген оқушылар өз әсерлерімен бөлісті.