Басты бет » Жастар үні » Дастан Сәтбаевтың «Челсидегі» алғашқы голы

Дастан Сәтбаевтың «Челсидегі» алғашқы голы

Лондонның «Челси» сапында алғашқы ойынын өткізген 17 жастағы қазақ футболшысы Дастан Сәтпаев  Сиднейдің «Вестерн Сидней Уондерерс» клубымен өткен ойында негізгі құрамда алаңға шығып, 7-ші минутта гол салды.
Бұл «Челсидің» жаңа бапкері испаниялық Хаби Алонсо үшін де алғашқы матчы болатын. Бұған дейін Испанияның «Реал Мадрид» клубын жаттықтырған Хаби Алонсо бұл клубпен Чемпиондар лигасы аясында Алматыға келіп, «Қайратқа» қарсы ойын өткізген еді.

Клубтың жаңа бас бапкері Хаби Алонсо отандасымызға алғашқы минуттардан-ақ сенім артты. Сәтпаев бапкер үмітін ақтап, матчтың 7-ші минутында қарсылас қақпасынан саңылау тапты. «Челси» клубының әлеуметтік желідегі ресми парақшасы бұл Хаби Алонсо кезеңінің алғашқы голы деген жазба жариялап, Қазақстанның туын белгіледі.

Дастан Сәтпаев 18 жасқа толған соң, тамыз айында ресми түрде лондондық клубтың толыққанды ойыншысы атанады.