Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі жыл сайын өтетін «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы хабарлайды. Байқау адамгершілік қасиеттерді жандандыруға, отбасы мәртебесі мен құндылықтарын арттыруға бағытталған. Еңбек пен спортта, шығармашылық және зияткерлік салаларда, ғылым мен өнерде жетістіктері бар отбасылар, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке белсенді араласатын отбасылар қатыса алады. Конкурсқа қатысуға өтінімдер 15 мамырдан 15 маусымға дейін өңірлік комиссияларда ...
Толығырақ »Жаңалықтар
«Кітап астанасы»: Депутат жаңа ұлттық дәстүр бастауды ұсынды
Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Жарқынбек Амантайұлы елімізде жыл сайын бір қаланы «Қазақстанның кітап астанасы» деп жариялау туралы бастама көтерді. Бұл ұсынысты ол Премьер-Министрдің орынбасарына жолдаған депутаттық сауалында атап өтті. Депутаттың айтуынша, бұл бастама кітап оқу мәдениетін дәріптеуге, әдебиеттің қоғамдағы рөлін арттыруға және зияткер ұлт қалыптастыруға үлкен серпін береді. ЮНЕСКО-ның «Дүниежүзілік кітап астанасы» тәжірибесін мысалға келтіре отырып, ол бұл ...
Толығырақ »Жастарға арналған ипотекалық бағдарламаға 2026 адам өтініш берген
Жастарға арналған ипотекалық бағдарлама еліміздің 17 өңірінде іске қосылған. Ипотеканың бастапқы жарнасы 10-20% аралығында, ал жылдық мөлшерлеме өңірге байланысты 5-9% құрайды. «Отбасы банк» филиалдарына өтініш бергендердің 81 пайызы бағдарламаға қатысуға ниетті. Қазіргі таңда 647 адамға несие берілген, 321 жас баспана іздеу үстінде. Қалған қатысушылардың төлем қабілеттілігі тексеріліп жатыр. @qazaqstantv
Толығырақ »Шорттрекші Әділ Ғалиахметов шаңырақ көтерді
Қазақстандық шорт-трек спортының жарқын өкілі Әділ Ғалиахметов шаңырақ көтерді. Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мешітте неке қидырған сәтінен фотосуреттер жариялап, жазба қалдырды жариялады, деп хабарлайды Jastar janary. «Ең әдемі жерде, ең жақын адаммен. Алланың қалауымен өмірдің жаңа тарауы басталды», – деп жазды спортшы. Айта кетейік, қазақстандық шорттрекші Әділ Ғакиахметов – ұлттық құраманың мүшесі және шорт-тректегі ерекше мәнерімен танымал #AdilStyle стилінің авторы. Харбиндегі Азия ...
Толығырақ »«Мақпал апамнан алтын сағат алдым»: Қарақат Әбілдина әнші Мақпал Жүнісоваға арнап жазба жариялады
Танымал әнші Қарақат Әбілдина әлеуметтік желідегі парақшасында Мақпал Жүнісовамен болған жайтты еске алды. «Майра апамыздың 70 жас мерейтойына арналған үлкен концерт жоғары деңгейде өтті. Есте қалған ерекше сәті Мақпал апамның сахнаға шыққан кезі. Халық дүр сілкінді. Толассыз соғылған шапалақ пен ыстық ықылас сахна сыртында тұрған бізге жетіп жатты, сезіліп тұрды. Халықтың жүрегінен орын алған Мақпал апамызға көрсетілген бұндай құрмет-қошемет ...
Толығырақ »«Ұлы дала жорығы» халықаралық марафоны өтуде
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафоны басталды. Ол 14 мамырға дейін жалғасады. «AMANAT» партиясының қолдауымен Алматы облысы әкімдігі және Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы бірлесіп ұйымдастырған бес күндік ат жарысында Қазақстанның 13 өңірінен, сондай-ақ Ресей, ОАР, Мажарстан, Иран және Қырғызстаннан келген қатысушылар бас қосты. Марафон бағыты Қазақстанның көрікті де тарихи маңызы бар аумақтары — Алматы облысының ...
Толығырақ »Астаналық кәсіпкер әнші Нұрғали Нүсіпжановқа екі бөлмелі пәтер сыйлады
Алаяқтарға алданып, пәтер жағалап қалған әнші Нұрғали Нүсіпжановқа астаналық кәсіпкер пәтер сыйлады, деп хабарлайды Jastar janary. Фото: бейнежазбадан скриншотталды Белгілі әнші Досымжан Таңатаровтың концертінде әнші Нұрғали Нүсіпжановқа астаналық кәсіпкер 2 бөлмелі пәтер сыйлады. Бұл туралы журналист Айнұр Омар әлеуметтік желідегі парақшасында жазды «Біздің елдің жігіттері жігіттердің төресі! Досымжан Таңатаровтың концертінде ән салған Нұрғали Нүсіпжановқа астаналық кәсіпкер екі бөлмелі пәтер сыйлады. ...
Толығырақ »Қызылордада балаларға арналған жаңа шығармашылық академия ашылды
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қызылорда облысына жасаған жұмыс сапары аясында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевпен бірге жаңа шығармашылық және инновация академиясының ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі. Аталған академия бір мезгілде 500, ал тәулігіне 3 мыңға дейін оқушыны қабылдай алады. Орталық ғимараты ғылыми-техникалық, спорттық-сауықтыру және жүзу бассейндеріне арналған блоктарға бөлінген. Мұнда ғылым, инженерия, шығармашылық, өнер, тарих, өлкетану, цифрлық ...
Толығырақ »Ресейдің Омбы қаласында «Әлқисса» халықаралық онлайн домбыра байқауының жеңімпаздары марапатталды
Омбы қаласында Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына орай Отандастар қоры ұйымдастырған «Әлқисса» халықаралық онлайн домбыра байқауының жеңімпазы марапатталды. Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы Бас консулы бірінші орын алған Омбы облысы, Исилькуль ауданынан келген Сұлтан Искаковты арнайы құттықтап, сыйлығын табыстады. Ұлттық өнерді ерекше ықыласпен орындаған Сұлтанға MacBook ноутбугі, жеңімпаз дипломы және қазақ музыкалық мәдениетіне арналған құнды кітап тарту етілді. Домбыра үні әрдайым биіктен ...
Толығырақ »Жаз-2025: 3 млн-нан аса оқушы сауықтыру, демалыс және еңбекпен қамту бағдарламаларымен қамтылады
Оқу-ағарту министрлігі жазғы маусымға дайындық жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Jastar janary. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, жаз мезгілінде еліміз бойынша 3,1 миллионнан астам бала сауықтыру, демалыс және жұмыспен қамтуға бағытталған түрлі бағдарламалармен қамтылатын болады. Оның ішінде 500 мыңнан астамы – әлеуметтік осал санаттағы балалар. «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен 10 мың бала жазғы демалысын тегін өткізу мүмкіндігіне ие болады. Жазғы демалыс бағдарламасы әртүрлі ...
Толығырақ »