Басты бет » Жаңалықтар » СПОРТҚА ҚҰШТАР ЖАН ЕДІ

СПОРТҚА ҚҰШТАР ЖАН ЕДІ

Каспий теңізінде әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан сарбаздар қатарында Маңғыстау облысы «Жас Батыр» спорт мектебінің спортшысы Сержан Аяпберген де бар еді.

 «Жас Батыр» спорт мектебі ұжымы жас сарбазды еске алып, спорттағы жетістіктерімен бөлісті.

Сержан жас кезінен спортпен шұғылданып, самбо, дзюдо спорт түрлерінен облыс, республика және халықаралық деңгейдегі жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетіп, Маңғыстау спортының абыройын асқақтатқан дарынды жас спортшы еді.

Ол самбо күресінен кіші жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасы чемпионатының күміс жүлдегері, студенттер арасында ТМД ойындарының күміс жүлдегері, дзюдодан халықаралық және республикалық жарыстардың жеңімпазы, спорт шеберіне үміткер атанды.

Спорттағы жарқын жетістіктерімен қатар, Сержан ел алдындағы азаматтық борышын өтеуге аттанып, Отан қорғау жолында қаза тапты.