Каспийдегі қайғылы оқиғадан аман қалған үш әскери қызметкердің бірі туралы тың мәліметтер айтылды.
Ол — Атырау облысы Махамбет ауданының тұрғыны Бекет Қуандық. Әскери қызметке 2025 жылы аттанған.
Әскери қызметкерлерді теңізге ағызып әкеткен кезде, Бекет жағалауға дейін өздігінен жүзіп барып, аман қалған. Оны ауруханаға жатқызбаған. Қазір өздігінен жүріп-тұра алады.
Оқиға туралы естіген ата-анасы бірден ұлына қарай жолға шыққан. Олармен бірге қырық күнге де толмаған нәресте інісі де барған.
«Ұлым аман-есен, дені сау. Қалғанын, шамасы, тексеру аяқталған соң айтар. Аман қалған жігіттердің көргенін ешкімнің басына бермесін», — деді оның анасы Қарлығаш Мырзағалиева.
Қазір Бекетке психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Ол әзірге үйіне қайтпайды және әскери қызметін белгіленген мерзімге дейін жалғастырады.
Jastar janary Ұлттық, қоғамдық-мәдени ақпараттық порталы
