Басты бет » Жаңалықтар » ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ АЙҚЫН БАСЫМДЫҚПЕН ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ АЙҚЫН БАСЫМДЫҚПЕН ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

«Астана-Арена» стадионында футболдан Қазақстан мен Сан-Марино командалары арасындағы ойында Қазақстан құрамасы айқын басымдықпен жеңіске жетті. Есеп 3:1.

Ұлттық құрамаға қолдау көрсету үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, даңқты спортшылар, спорт ардагерлері мен мәдениет қайраткерлері арнайы барып ойынды тамашалады.
Олардың арасында Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген, мини-футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Паулу Рикарду Фигейра Силва (Кака), олимпиада чемпиондары Ольга Рыпакова, Дмитрий Баландин бар.

Футбол ойынын тамашалау үшін стадионға 300 мыңнан аса жанкүйер жиналды.