Кеше Азия ойындары аясында Қазақстан командасы бір алтын және екі қола медаль жеңіп алды.
Стенд ату:
Әсем Орынбай, Зоя Кравченко және Ольга Панаринадан құралған Қазақстанның әйелдер командасы скит бағдарламасында алтын медаль жеңіп алып, Азия ойындарының рекордын (350 балл) орнатты.
Ал жекелей сында Әсем Орынбай қола жүлдеге ие болды.
Жүзу:
Ваттерфляй әдісімен (100 метр) жүзудің финалдық кезеңінде Әділбек Мусин 51.86 секундта мәреге жетіп, қола медаль жеңіп алды.
У-шу саньда:
52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Аян Тұрсын қола жүлдеге ие болды.
Бокс:
Екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай (50 кг) Непалдан келген қарсыласы Сусма Тамангты – 5:0 есебімен сенімді түрде ұтты, ал Сағындық Тоғамбай Моңғолиядан келген Бариахаан Доржды екінші раундта мерзімінен бұрын жеңді. Кешкі сессияда Ертуған Зейнуллинов (63,5 кг) Тәжікстаннан келген боксшы Баходур Усмоновты 3:2 есебімен жеңді.
Теннис:
Аралас разрядта Жібек Құламбаева мен Григорий Ломакин 32 минут ішінде Тәжікстаннан келген қарсыластарын 6:0, 6:1 есебімен жеңіп, жарыстың келесі кезеңіне шықты.
3×3 Баскетбол:
Қазақстанның әйелдер командасы Непал құрамасын 17:10 есебімен жеңді.
Гандбол:
Қазақстан әйелдер командасы топтық кезең матчында Өзбекстан құрамасын 37:33 есебімен ұтты.
4-ші жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 2 күміс және 7 қола жүлде бар.