Басты бет » Жаңалықтар » Жас бағдарламашылар үздік танылды

Жас бағдарламашылар үздік танылды

Мусин Бағдат Батырбекұлы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

 

Ақпан айында Спорттық бағдарламалау федерациясы құрылған болатын. Оның негізгі мақсаты – халық арасында спорттық бағдарламалауды насихаттау және дамыту, сондай-ақ біздің олимпиадашылардың жарыстардағы нәтижелерін жақсарту. Маған Digital Nomads жастар қозғалысы ұйымының қызметі аясында маңызды қоғамдық рөлді — Федерация басшысының позициясын сеніп тапсырды. Қазір бұл мемлекет тарапынан стартаптарды қолдау және одан әрі дамыту үшін қажет.

Мен бүгін жас бағдарламашыларымыз жайлы жағымды жаңалықпен бөліскім келеді. Біздің дарынды балалар әлемнің 90 елінен келген 360-тан астам қатысушымен жарыса отырып, халықаралық біріншілікте үздік нәтиже көрсетті.

Информатика пәні бойынша 35-ші халықаралық олимпиада (IOI 2023) 28 тамыз-4 қыркүйек аралығында Венгрияда өтті. International Olympiad in Informatics — бұл Федерацияның қызмет саласына кіретін беделді спорттық бағдарламалау жарысы. Білім бәйгесіне әлемнің 90 елі қатысады. Әр мемлекеттен 4 оқушы мен 2 жетекшіден тұратын құрама бақ сынайды. IOI есептері күрделілігімен ерекшеленеді, қатысушылар жетілдірілген алгоритмдер, мәліметтер құрылымы, математика және шектеулі уақытта шешім таба білу қабілеті бойынша өз білімдерін тексереді. Бұл жарыста үстірт білімге орын жоқ.

Алгоритмдік бағдарламалауды, стандартқа сай келмейтін есептерді шешу тәжірибесін үйрену үшін жылдар бойы жаттығу қажет. Сондықтан аталған олимпиада білім мен ғылым саласындағы әлемдік байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ әлемнің түкпір-түкпірінен келген жас бағдарламашылар арасында білім мен тәжірибе алмасуға ықпал етеді.

Біздің құраманың атынан Қазақстанның спорттық бағдарламалау бойынша алғашқы чемпионы — Таймас Қорғанбаев, Алматы қаласындағы РФММ-нен Ли Ван мен Назар Серазитдинов және Қызылорда қаласындағы БИЛ-ден Мансур Мамадахунов қатысты. Сондай-ақ, балаларды жауапты жарысқа лайықты түрде дайындаған Қазақстан құрамасының жаттықтырушылары Темірлан Сатылханов пен Батыр Сардарбековті айрықша атап өткім келеді.

Балалар республикалық олимпиадалар мен оқу-жаттығу жиындарының қорытындысы бойынша Олимпиадаға жол ашатын күрделі іріктеуден өтіп, тамаша нәтиже көрсетті.

Таймас Қорғанбаев — күміс медаль

Назар Сиразетдинов — қола медаль

Ли Ван — honorauble mention

Мансур Маматахунов — honorauble mention.

Мен жеткіншектеріміздің жетістігі үшін өте қуаныштымын. Әрқашан биікке ұмтылып, қабілеттеріңіздің жаңа қырларын ашып, кез келген қиындықты еңсере біліңіздер! Сіздердің табысқа жету жолдарыңыз енді ғана басталып келеді! Білімдеріңіз арқылы болашақта еліміздің дамуына зор үлес қосасыздар!

Бүгінгі таңда Спорттық бағдарламалау федерациясы балаларды олимпиадаларға жүйелі дайындаумен белсенді түрде айналысады. Біз спорттық бағдарламалауды жаңа деңгейге көтеріп, мықты IT мамандардың мықты буынын қалыптастыра аламыз деген сенімдемін!