Басты бет » Жаңалықтар » Алтын жауды, ағайын, алтын жауды!

Алтын жауды, ағайын, алтын жауды!

Алтын жауды, ағайын, алтын жауды,

Жаныңа жуытпағай халқым дауды.

Аспанға әуелетіп әнұранды

Шырқады саңлақтар сан түрлі әнді.

 

Алтын жауды, ағайын, алтын жауды,

Көрсең-ау жанардағы жарқылдарды.

Әлемдік аренада атой салып

Сезбедік жастарымнан тартынғанды.

 

Дорбаңа сыймай жатыр күміс, қолаң,

Айтшы, қане, мұндайды кім ұстаған?

Жігіттердің жігерлі жеңісінен

Үлгі алатын көбейсін құрыш балаң.

 

Дорбаңа сыймай жатыр күміс, қолаң,

Туған жердің төсінде тыныстаған.

Оза шапты додада оғландар

Ел намысын арқалап, ту ұстаған.

 

Айнабек Жеткірбаев