Әлеуметтік желіде «Қазақстандық дизайнер Нью-Йорктегі көрмеде сәукелені халық назарына ұсынды» деген атаумен видео тарады.
Қара түсті сәукелені желі қолданушылары қызу талқылап, өз наразылықтарын білдіруде.
Бірі «Қазақ емес монғол-қалмақ қыздарға көбірек ұқсайды екен. Қазақтың болмысынан мүлдем бөлек образ. Ұлтымызды сипаттайтын құндылықтарды өзгертіп, бұрмалауға ешкімнің құқығы жоқ. Сәукеле пішіні мұндай емес, ою өрнегі дұрыс емес,ол қара болмаған ешқашан. Қазақ ешқашан қырық бұрым өрмеген. Екі бұрым. Осындай дизайнерлерге тоқтау қою керек! ҰЛТ, ҰЛТТЫҚ деген қасиетті сөздердің мағынасын түсінбесе, несіне дизайнер олар? Сауатсыздар. Баскиім деген құнды қастетті зат. Оның пішіні формасы мұндай емес бізде. ҰЛТТЫҚ дүниемен айналысатын адамда ең бірінші НАМЫС болу керек!» десе, енді бірі «Сәукелені мазақ қылмаңдар. Бұл чукча,монғолдың бас киімдері. Бәрін былықтырып біттіңдер… қазақша нақыш мүлдем жоқ. Бұл қазақтар емес. Осындайды қадағалайтын адамдар бар ма? Шетелге қазақты басқа кейіпте көрсетуге кім жол берді? Қайда біздің ұлттық код?» деп пікір қалдырды.
P.S. Расыменде, қазақтың ұлттық сәукелесі кім көрінгеннің ермегі емес. Егер бұл расымен де қазақтың ұлттық баскиімі ретінде шет мемлекетте таныстырылған болса, бұл нағыз сорақылық. «Сәукеле» деп таныстырған дұрыс емес. Басқа ұлтқа тиесілі баскиім болса, онда халыққа жалған ақпарат таратып, наразылық тудырып қажеті жоқ. Әлеуметтік желіге жарияларда хайп жасаймыз деп, айыпты болып қалмаңыздар!