Басты бет » Жаңалықтар » Мемлекет басшысы Елена Рыбакинаны Australian Open теннис турнирінің финалындағы жеңісімен құттықтады

Мемлекет басшысы Елена Рыбакинаны Australian Open теннис турнирінің финалындағы жеңісімен құттықтады

Бұл туралы Ақорда ресми хабарлады

Елена Рыбакина Australian Open-2026 турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлады Jastar janary.

Мемлекет басшысы Елена Рыбакинаны Australian Open теннис турнирінің финалындағы жеңісімен құттықтады.
«Сізді спорттағы кезекті тамаша жетістігіңізбен – теннистен Австралия ашық чемпионатындағы керемет, айқын жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіз жеңіске деген ерік-жігеріңіз бен мінсіз шеберлігіңізді тағы да дәлелдедіңіз, бұған бүкіл әлемнің теннис қауымдастығы сүйсіне қарады. Алдағы уақытта да ең беделді турнирлерде жеңіске жете беруіңізге тілектеспін!» — делінген құттықтауда.
Мельбурндегі финалда қазақстандық спортшы Елена Рыбакина Беларусь өкілі Арина Соболенконы 6:4, 4:6, 6:4 есебімен жеңіп, чемпион атанды.