Кеше Алматыда «Жаңа Қазақстан. Күшіміз бірлікте» атты жастар форумы өтті. Жастар Мемлекет басшысының халыққа Жолдауын қолдады.
«Алматы Арена» алаңында өткен іс-шараға 15 000-нан астам адамның басын қосты, оның ішінде жас ғалымдар, сонымен қатар жоғары оқу орындардың студенттері, жастар ұйымдарының жетекшілері қатысты.
Форумда мегаполис жастары үшін арнайы қонақтар «Жігіттер» квартеттері, Орда, Меховая, ALZABI топтары, сондай-ақ Бонопарт, Луина, Мархаба Саби, Амре, The Limba, Ayree және Mona Songs, Қайрат Нұртас, Н. Қанай өнер көрсетті.
Іс-шараға кәсіпкер және меценат Сырымбек Тау, журналист Ерқанат Көпжасаров, әнші, продюсер Бағлан Әбдіраимов, ҚазБСҚА халықаралық білім беру корпорациясының проректоры Қайыржан Меңдіғалиев, продюсер Forbes 30-дан 30-ға дейінгі рейтингтің жеңімпазы, Standat Jet-Up негізін қалаушы Азат Абикен, Алматы қаласы мәслихатының депутаты Серік Есматов, спортшы Жанқош Тұраров, ZTB интернет ақпарат порталының негізін қалаушы Марғұлан Тұрсынов және әнші Ибраһим Ескендір қатысты.
Еске салайық, «Жаңа Қазақстан» қозғалысын құру туралы бұған дейін хабарланған болатын. Қозғалысты құруды кәсіпкерлер мен қоғам белсенділері ұйымдастырған болатын. Қауымдастық форматы 18 наурызда студенттер фестивалінде талқыланды. Қозғалыстың жетекшілері, ұйымды белсенді әрі қызықты ету мақсатындағы ұсыныстар бойынша жастарға есік ашық екенін айтып өтті.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауында: «Біз адамдардың энергиясына, таланты мен еңбекқорлығына арқа сүйейміз. Әрбір азаматтың өзін-өзі жүзеге асыруы үшін барынша қолайлы жағдай жасаймыз. Тек осылай ғана біз халқымыздың жасампаздық әлеуетін арттыра аламыз» деп атап өтті.
Аталған іс-шара мыңдаған белсенді жастың басын қосып, бір мақсат пен бір мүддеге жұмылуға үндеді. Бұл да болса Жаңа Қазақстанның жаңа бағыты мен жаңа жолы болса керек.
16 наурызда қоғам және бизнес өкілдері «Жаңа Қазақстан» қоғамдық жастар қозғалысын құру туралы жариялады. Бұл ұйым, қозғалыс бастамашыларының айтуынша, тек Алматыда ғана емес, өңірлердегі ЖОО студенттерімен жұмыс істейтін болады.