Басты бет » Жастар үні » «Челсидің» Аустралия мен Азиядағы маусымалды турына Дастан Сәтпаев та қатысады

«Челсидің» Аустралия мен Азиядағы маусымалды турына Дастан Сәтпаев та қатысады

Лондонның «Челси» клубы Австралия мен Азиядағы маусымалды турнесіне қатысатын футболшыларды жариялады. Ойыншылар арасында Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сатпаев та бар.

Сәтпаев шабуылшылар тобында Коул Палмер, Лиам Делап, Джейми Гиттенс, Жоау Педру және Эстеваомен бірге тіркелді. Турне барысында «Челси» Сиднейде «Вестерн Сидней Уондерерс» пен «Тоттенхэмге» қарсы ойнайды. Кейін лондондықтар Гонконгта «Ювентуспен», Джакартада «Миланмен» және Малайзияда «Джохор Дарул Такзиммен» кездеседі.

Құрамға негізгі команда ойыншыларымен қатар «Челси» академиясының бірнеше түлегі де енген. Сондай-ақ сапар барысында командаға басқа футболшылар да қосылуы мүмкін.