Басты бет » Жастар үні » Халықаралық волонтерлер жылы: Дастан Сәтпаев пен ByDastann жаһандық амбассадор атанды

Халықаралық волонтерлер жылы: Дастан Сәтпаев пен ByDastann жаһандық амбассадор атанды

Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарлауынша, еліміздің танымал футболшысы, «Челси» клубының ойыншысы Дастан Сәтпаев пен белгілі саяхатшы-блогер Дастан Мұхамедрахым (ByDastann) Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадоры атанды.

2026 жыл БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы негізінде Тұрақты даму мақсатындағы Халықаралық волонтерлер жылы болып жарияланды.

Бастама халықаралық қауымдастықтың қолдауына ие болып, БҰҰ-ға мүше мемлекеттер волонтерлік қызметті дамытуға, өзара көмек, жанашырлық және азаматтық жауапкершілік құндылықтарын кеңінен насихаттауға ниет білдірді.

«Бұл бастама халықаралық қауымдастықтың кең қолдауына ие болып, әлем елдерін жанашырлық, ынтымақ және азаматтық жауапкершілік құндылықтарын насихаттауға біріктірді», – делінген хабарламада.