Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында жаңа Alatau Сity қалаға ерекше мәртебе берілетінін айтты.
– Алатау қаласы Үкіметке бағынатын жаңа мәртебеге ие болып, толықтай цифрланған қалаға айналады, – деді Қ.Тоқаев.
Президент Үкіметке 10 күн ішінде қаланың ерекше мәртебесі туралы заң әзірлеуді тапсырды.
Қытай корпорациясы Alatau City құрылысына қатысады. Жаңа қала Қытай шекарасына жақын орналасқан, яғни бұл шаһар Қытай экономикасымен байланыс орнататын хабқа айналмақ. Бұл қалаға Қытай тарапынан миллиардтаған инвестиция құйылады.