Басты бет » Жаңалықтар » «Жастарға жұмыс»: Астанада бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

«Жастарға жұмыс»: Астанада бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

«AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» Жастар қанаты, Астана қаласы әкімдігі және Халықты жұмыспен қамту орталығының бірлесе ұйымдастыруымен елордада жастарға арналған ауқымды бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.


Жәрмеңкеде 70-тен астам компания 1000-нан астам бос жұмыс орнын ұсынады.

Шарада ұлттық және халықаралық деңгейдегі жетекші ұйымдар бос жұмыс орындарын ұсынады. Олардың қатарында: «KEGOC» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «DAR RAIL» ЖШС, «Home Credit Bank» АҚ, «IntegraConstruction KZ» ЖШС, «Қазмедиа орталығы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Қазпошта» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, Astana Hub және басқа да ірі жұмыс берушілер бар.

Сондай-ақ жәрмеңке аясында жастарға арналған бағдарлама ұйымдастырылады.
Аталған бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында жүзеге асып отыр.