Басты бет » Жаңалықтар » Жас қаламгерлер әдеби шеберлік мектебінде оқуда

Жас қаламгерлер әдеби шеберлік мектебінде оқуда

Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қазақстан Жазушылар одағының стратегиялық әріптестігі аясында «Жазушылардың әдеби шеберлік мектебі» курсы өз жұмысын бастады. Биыл екінші рет ұйымдастырылған бұл бастама «Мәдениет және өнер саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерттеу және насихаттау, архив ісін жүзеге асырудың тиімділігін арттыру» бағыты бойынша іске асырылып отыр.

Жобаға еліміздің әр өңірінен 20 жас қаламгер қатысып, он күн бойы шығармашылық шеберліктерін жетілдіреді. Бағдарлама барысында отандық және шетелдік қаламгерлер, сондай-ақ әдебиеттанушы ғалымдар дәріс оқып, тәжірибелерін бөліседі. Сонымен қатар әдеби шеберлік мектебіне ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері де тартылып, қатысушыларға әдебиет пен ғылым тоғысындағы тың бағыттар ұсынылады.