Басты бет » Жаңалықтар » Димаш ұзату тойында қарындасы Раушанға ән арнады (видео)

Димаш ұзату тойында қарындасы Раушанға ән арнады (видео)

Күні кеше Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушан ұзатылды. 

Күйеу жігіт Ермахан Аймахан – өнерімен танылып келе жатқан жас актер. Ол – Астанадағы Жас көрермендер театрының әртісі. Әнге де, спортқа да жақын жас актер фильмдерге де түсіп жүр.

Жақсы-жайсаңдар жиналған қыз ұзату тойында Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген қарындасына ақ тілегін арнап, өзінің қарындасына арнаған әнін шырқады. 

«Жол мұраты — жету, қыз мұраты – кету» дейді қазақ халқы. Оны ұғынсақ та, бауыр етінен жұлып алғандай етіп қарындасты өзге жұртқа аттандыру кімге болса да оңай емес екен?! Дегенмен, теңін тауып, ата-анасының, туған-туыстарының ризашылығымен кетіп бара жатқаны көңілге қуаныш ұялатады. Қолымыздан ұшып бара жатқан қызымыздың қонған жері құтты болсын! Барған еліне тастай батып, судай сіңсін! Құдай қосқан жарына бақ болып қонсын, қосағымен қоса ағарсын!
Раушантайыма Мансұр ініммен бірге, «Қарлығашым, ұя салғанда…» атты әнімді ақжүрек тілегіміз ретінде қабыл алғайсың! Жүректегі сағыныш пен қимастықты осы әннің өн-бойынан көрсеткіміз келді.
Бақытты бол,қарлығашым менің! Көкесінің жүрегі!» – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары да екі жасқа бақыт тілеп, ақ тілектерін арнауда.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dimash Qudaibergen (@kudaibergenov.dimash)