2025 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан халқының саны 104,4 мың адамға өскен.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 1 шілдеде халық саны 20 384 811 адамға жеткен. Оның ішінде әйелдердің саны 10 423 863 болса, ерлердің саны 9 963 948 адамды құрайды.
Алайда биылғы халық санының өсімі өткен жылмен салыстырғанда баяу. Статистика бойынша тек бес облыста республикалық орташа деңгейден жоғары өсім байқалады.
Мәселен: Астанада +3,12% Шымкентте +1,72% Алматы +1,21% Алматы облысы +1,15% Маңғыстау облысы +0,96%