Басты бет » Жаңалықтар » Дженнифер Лопес Астанаға келді

Дженнифер Лопес Астанаға келді

Америкалық поп-жұлдыз Дженнифер Лопес бүгін түнде, 1 тамызға қараған түні Қазақстан астанасына ұшып келді. Әлемдік жұлдыз Astana Arena-да концерт өткізетіні белгілі.

Фото: коллаж BAQ.kz

BAQ.KZ редакциясы анықтағандай, әртіс ұшып келуі мүмкін рейс Flightradar24 қосымшасында бекітілген.

Біз 30 шілдеде Джей Лоның UP ALL NIGHT әлемдік туры аясында концерті өткен Шарм-эль-Шейхтан ұшқан сапарды бақыладық. Жергілікті уақыт бойынша сағат 18:23-те дәл сол жерден AEH430 (Amelia International) чартерлік рейсі ұшып шығып, Қазақстан уақытымен сағат 02:28-де Астанаға – Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына (NQZ) қонған.

Дженнифер Лопестің Instagram парақшасында жарияланған афишаның деректеріне сүйенсек, оның гаструльдік маршруты төмендегідей:

•30 шілде — Шарм-эль-Шейх

•1 тамыз— Астана, Қазақстан

•3 тамыз — Ереван

•5 тамыз — Ыстанбұл

•7 тамыз — Ташкент

•10 тамыз — Алматы

F-HDRA тіркеу нөмірімен Airbus A319-111 ұшағы шын мәнінде жұлдыздың концерттік кестесіне сәйкес осы маршрут бойынша ұшқан. Алдыңғы күндері осы борт төмендегі рейс бойынша жолға шыққан:

•30 шілде — Абу-Даби → Шарм-эль-Шейх

•28 шілде — Бухарест → Абу-Даби

Осылайша, Джей Ло шын мәнінде өз туры аясында ұшып-қонуға аталған ұшақты қолданатынын көрсетеді. Дәл қазір жұлдыздың Астанада қай қонақүйде тоқтатағаны белгісіз.

Сондай-ақ Астана әуежайы әншінің ұшақтан түсіп, көлікке отырып жатқан видеосын жариялады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от BAQ.KZ ақпарат агенттігі (@baq.kaz)

Айта кетейік, бүгін кешкісін Астанадағы Astana Arena-да ауқымды шоу – аншлаг болады деп күтілуде.BAQ.KZ редакциясы жұлдыздың сапары мен елордадағы Лопестің концертіе бақылауда ұстауды жалғастырады.

Еске салайық, бұған дейін Үкімет Дженнифер Лопестің келетінін, бюджетке қанша салық түсетінін айтқан болатын. Сонымен қоса Астанадағы концертінен Дженнифер Лопестің қанша пайда табатыны айтылды. Шоу өткізетіні белгілі болған соң Дженнифер Лопестің концертіне жалған билеттер сатылып жатқаны анықталды. Әлемдік туры аясында мега-жұлдыз 10 тамызда Алматыда да концерт өткізеді.