Басты бет » Жаңалықтар » Димаш Құдайбергенге Қырғызстанның халық әртісі атағы берілді

Димаш Құдайбергенге Қырғызстанның халық әртісі атағы берілді

Қырғызстанның Шолпон-Ата қаласында өткен «Мейкин Азия» IV халықаралық музыка фестивалінің жабылу рәсімінде Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың жарлығымен Қазақстанның халық әртісі, әнші және композитор Димаш Құдайбергенге «Қырғыз Республикасының халық әртісі» құрметті атағы берілді.

Марапатты Димашқа мәдениет, ақпарат және жастар саясаты министрі Мирбек Мәмбеталиевтің қатысуымен Қырғыз Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Иманқұлов табыстады.

– Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында өткен халықаралақ эстрадалық әншілер фестивалінде Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың Жарлығымен Қазақстанның Халық артисі Димаш Құдайбергенге екі ел арасындағы достық құрметіне Қырғызстанның Халық артисі атағы берілді. Рахмет, Қырғыз елі! Екі елдің достығы мәңгі болғай! – деп жазды әкесі Қанат Айтбаев.