Президент әскерге шақыру тәртібіне елеулі өзгерістер енгізетін заңға қол қойды.

Фото: Қорғаныс министрлігінен
Әскерге шақыртылған азаматтар не істеуі тиіс?
Әскерге шақырылушы шақырту алған бойда әскери комиссариатқа келуге міндетті. Ол мына жағдайларға қатысты болуы мүмкін:
– медициналық тексеру
– қосымша тексеру
– шақыру комиссиясының отырысы
– әскерге жөнелту немесе бөлім таңдау
Шақырту қалай келеді?
– SMS немесе eGov арқылы
– Шақырту кемінде 3 күн бұрын келуі керек
– Егер eGov-та тіркелмеген немесе телефон нөмірі болмаса — қағаз нұсқасы пошта не қызметкер арқылы жеткізіледі
– Тұрақты не уақытша мекенжайына, немесе жұмыс орнына жіберіледі
Қағаз шақырту қалай тапсырылады?
– Қол қойғызып, жеке тапсырылады
– Оны военкомат қызметкері, жұмыс беруші не курьер жеткізеді
– Егер шақыртудан бас тартса — бұл тіркеліп, азамат ресми түрде хабарланған деп есептеледі
Кейде шақырту военкоматтың өзінде беріледі.
– Шақырту военкоматта да берілуі мүмкін
– Бұл жағдайда келесі күні келу керек