Басты бет » Жаңалықтар » «Соққыға жығылдым»: Перизат Қайрат тергеу изоляторында соққыға жығылғанын айтты

«Соққыға жығылдым»: Перизат Қайрат тергеу изоляторында соққыға жығылғанын айтты

Астанада Перизат Қайрат пен анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты сот өтіп жатыр, деп жазды tilkespekjoq телеграм арнасы.Фото: tilkespekjoq

Перизат Қайрат журналистерге тергеу изоляторында қысым көргенін айтқан.

«Моральдық тұрғыдан шаршадым. Тергеу изоляторы қызметкерлері ұрып-соққаны туралы енді ашық айта аламын. Астана қалалық прокуратурасында қылмыстық іс қозғалды. Қазір жағдайым жақсы», — дейді Перизат Қайрат.

Судья айыпталушы Перизат Қайраттың өтінішін ішінара қанағаттандырды. Перизат Қайрат пен анасынан жауап алу жабық форматта өтетін болды. Бұған дейін Перизат Қайрат сот процесінің ашық өтуіне қарсы болған.
Тағы бір айта кететін жайт, келесі сот отырысы 14 шілдеге белгіленген.