Басты бет » Жаңалықтар » Перизат Қайрат пен оның анасына қатысты сот ашық түрде өтеді

Перизат Қайрат пен оның анасына қатысты сот ашық түрде өтеді

Астанада Перизат Қайрат пен оның анасына қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала сот отырысы басталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтының телеграм-арнасы.

Күдіктілер процесте БАҚ өкілдерінің қатысуына қарсы болып, сот отырысын фото мен видеоға түсіруге рұқсат бермеген.
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі алдын ала тыңдаудың басталғанын растады.

“Бүгін алдын ала тыңдау өтті. Баспасөз қызметі ешкімді жеке де, жалпы чат арқылы да шақырған жоқ. Бүгін бірқатар өтініштер қаралуда. Сот отырыстың ашық не жабық түрде өтетінін шешу үшін кеңесу бөлмесіне кетті. Тыңдау аяқталған соң қосымша ақпарат береміз”, – делінген хабарламада.

Перизат Қайрат тергеу изоляторының қызметкерлері өзін ұрғанын мәлімдеді — бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол бұл туралы журналистерге айтып жатып, сот залында көзіне жас алды.

Перизат Қайрат пен анасына қатысты сот ішінара жабық форматта өтеді: айыпталушыларды сұрау сәті жарияланбайды. Қалған бөлігінде сот ашық түрде өтеді.

Сот отырыстары дүйсенбі және сейсенбі күндері өтеді. Алғашқы отырыс 14 шілде күні сағат 10:00-де басталады.

Еске салайық, қайырымдылыққа жиналған 3 миллиард теңгені жымқырды деген күдікке ілінген.