Басты бет » Жаңалықтар » «МАҢҒЫСТАУ VS АТЫРАУ»: «Жайдарман» ойындары Ақтау қаласында өтті

«МАҢҒЫСТАУ VS АТЫРАУ»: «Жайдарман» ойындары Ақтау қаласында өтті

«Жайдарман» ойындары «МАҢҒЫСТАУ VS АТЫРАУ» республикалық арнайы жобасы Ақтау қаласында өтті.  Талантты жастардың басын қосқан, есте қаларлық ойындарға толы жоба аясында Маңғыстау және Атырау облыстарының үздік командалары бақ сынады, деп хабарлайды Jastar janary.

Бұл жоба өңірлер арасындағы достықты, бірлікті және сатиралық мәдениетті дамытуға бағытталды.

Қазылар алқасы құрамында «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанатының төрағасы Ақерке Искандерова, Қазақстан ұлттық құрамасы мен «Зенит» футбол клубының ойыншысы Нұралы Әліп, «SK group» компаниясының директоры Сұлтан Сапарғалиев, ардагер жайдарманшы, 2011 жылғы жайдарман чемпионы Ғалым Махамбет, Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері (2012 Лондон, 2016 Рио) Әділбек Ниязымбетов болды.

Ойынға Атырау облысының «Қарабау құрамасы», ақтаулық «Ақтау жастары» командасы, Атырау облысының «Индер құрамасы», жаңаөзендік «Не хабар – Көркем Әлем» мен «Батыр қала» командалары, Атырау қаласының «Құтқарушылар», маңғыстаулық «Боранқұл» және Атырау облысының «Сағыз» командалары қатысты.